Жүз мыңнан астам қазақстандық өзіне құмар ойын ойнауға тыйым салды

0
290

Онлайн қызмет іске қосылғанға дейін тізімде 3 мыңнан астам адам болған.


Жүз мыңнан астам қазақстандық өзіне құмар ойын ойнауға тыйым салды

ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрлігі 132 мың қазақстандық eGov mobile арқылы құмар ойындар мен бәс тігуге қатысу үшін өзін-өзі шектеу қызметін пайдаланғанын мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Онлайн қызмет іске қосылғанға дейін тізімде 3 мыңнан астам адам болған.

18 наурыздан бастап пилоттық режимде азаматтарды құмар ойындардан және бәс тігуден 6 айдан бір жылға дейінгі мерзімге өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн-қызмет жұмыс істейді.

Шектеу тек лицензиясы бар заңды ойын компанияларына қолданылады.

Қызметті қосу үшін телефоныңызға eGov мобильді қосымшасын жүктеп алып, электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы керек. Берілген өтінішті кері қайтарып алу құқығы қарастырылмаған. Керісінше, өзін-өзі шектеуді ұзартуға болады.

Петиция мақұлданған соң, Құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер қалай жазаланатыны белгілі болды.