Олардың көпшілігі Астана, Шымкент, Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында тіркелген.
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері көбейіп бара жатқанын атап өтті, деп жазады ulysmedia.kz.
«Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық – өзекті мәселенің бірі. Себебі, отбасы тыныштығы – қоғамның тұрақтылығы. Сондықтан бұл мәселені мемлекет басшысы ерекше назарына алып, бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және балаларға қарсы жасалған ауыр қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды», - деді үкімет отырысында Марат Ахметжанов.
Оның айтуынша, полицияның осы мәселемен айналысатын бөлімшелері нығайтылған. Жәбірленушілер мен жұмыс тәсілі қайта қаралған. Нәтижесінде бұл мәселеге қоғамның көзқарасы өзгеріп, зорлық-зомбылық құрбандары мұндай фактілер туралы белсенді хабарлай бастады.
«Биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан аса сигнал келіп түсті. Олардың көпшілігі Астана, Шымкент, Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында тіркелді. Бірақ олардың 60%-ы бойынша полиция тиісті шара қолдана алмады. Өйткені, оқиға орнына келгенде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартты – 62%. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтінішсіз полицейлер отбасының шырқын бұзатындарды жауапқа тарта алмайды», - дейді ол.
Марат Ахметжанов осының салдарынан деобширлер жазадан құтылып кететінін айтады.
«Қол жұмсау әдетке айналады. Түбінде оның ауыр зардабы болады. Биыл отбасында 668 қылмыс жасалды. Министрлік тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сигналдарға тиісті шаралар қабылдап жатыр. Жыл басынан бері отбасын шырқын бұзатындарға қатысты 35 мың әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде соттың шешімі бойынша 10 мыңна аса адам қамауға алынды, 8,5 мың адамға ескерту берілді, 665 адамға айыппұл салынды», - дейді министр.