Ағзадағы ҚҰРТТАН құтылу үшін мына БЕС тұнбаны ішіңіз

0
58 661

Бұл БЕЛГІЛЕР ағзада ҚҰРТТЫҢ бар-жоғын БІЛДІРЕДІ


Ағзадағы ҚҰРТТАН құтылу үшін мына БЕС тұнбаны ішіңіз

фото: gb4miass74.ru

Құрттың адам ағзасына түсуі оңай, ал шығуы өте қиын. Жалпы ағзада құрттың бар-жоғын қалай білуге болады? Ал одан қалай құтылу керек? Міне, осы сұрақтың жауабын төмендегі мәтіннен біле аласыз.

Мамандар адам ағзасында 384 түрлі құрт кездесуі мүмкін екендігін айтады. Құрттар бірнеше сантиметрден 2 метрге дейін болады.


Егер сіздің ағзаңызда құрт болса:

  • иммунитет әлсіреп, вирустық ауруларға тез шалдығасыз;
  • әлсіздік, бас айналу, буын ауруы мен ұйқысыздық;
  • тез шаршағыштық пен күйгелектік;
  • асқазан-ішек және бауыр жұмысы бұзылады;
  • аллергия пайда болады және тері бөртеді;
  • ауыздан жағымсыз иіс шығады;
  • көздің ағы сарғаяды;
  • шамадан көп тамақтану;
  • тері құрғап, шаш түседі.

Егер осы белгілерді байқасаңыз, тез арада құрттан құтылудың жолдарын қарастырыңыз. Әйтпесе, ағзаңыздың біраз бөлігін істен шығарады. Ол үшін дәрі ішудің қажеті жоқ. Тек қана халық емін байқап көріңіз.

фото: med-pyatigorsk.ru


ҚҰРТТАН халықтық ем ҚҰТҚАРАДЫ

  • Кептірілген түйшетенді (пижма) 1 стақан қайнаған су құйып, қақпағын жауып қоясыз. Шамамен 5 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 200 мл-ден ашқарынға ішіңіз. Емді тамақтанудан алдын жүргізу керек.


  • 2 тіс сармсақты ұсақтап, дәкеге саласыз. Кеңдеу ыдысқа 250 мл сүтті құйып, отқа қойыңыз. Қайнап шыққан соң үгілген сарымсақты салып, 10 минуттай қайнатасыз. Дайын болған емдік сүтті таңертең ашқарынға ішесіз. Емделу мерзімі – 7 күн. Осы қоспамен клизма жасауға болады.


  • 1 шай қасықтан түймешетен (пижма), мыңжапырақ (тысячелистник) және үгілген шашыратқыны (цикория) араластырасыз. Оған 400 мл қайнаған су құйып, ыдысымен ыстық суға саласыз. 15 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 50 мл-ден ашқарынға ішіңіз. Емделу мерзімі – 7 күн.


  • 500 гр. үгілген зімбір тамырын 500 мл араққа саласыз. Ыдысты күн тимейтін жерге 14 күнге қоясыз. Дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ашқарынға ішесіз.

Ескеріңіз! Тұнбаның 5-10 мл-не 100 мл қайнатылған салқын су араластырасыз.


  • 150-200 гр. асқабақтың дәнін қабығымен блендерден өткізіңіз. Ұнтаққа 1 ас қасық бал мен 4-5 ас қасық қайнаған су қосасыз. Дайын болған қоспаны ашқарынға қабылдау керек. Емді қабылғанннан соң 3 сағаттан кейін іш жүргізетін дәрі ішіңіз.

фото: womenclub-1.ru

Ағзаны құрттан қорғау үшін:

  • Көкөніс пен жемісті жумай жемеңіз;
  • Қайнамаған су ішпеңіз;
  • Құрты бар адамдармен жақын болмаңыз;
  • Қолыңызды тазалап жуыңыз;
  • Жәндіктер мен жануарларға жақындамаңыз;
  • Бұзылған тағамдарды (ет, балық) қолданбаңыз.


ЕСКЕРІҢІЗ!

Ал бұл қоспаларды кішкентай балаларға қолдануға болмайды. Қолданудан алдын педиатр дәрігермен ақылдасып алғаныңыз жөн.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына АЛТЫ ауру мазалағанда КОФЕ ішіңіз


Ауыздағы ЖАҒЫМСЫЗ иіс МАЙ шайнасаңыз кетеді