БІР қасық КУРКУМА өкпені ​ҚАҚЫРЫҚТАН тазалайды

0
21 005

Қолдану ОҢАЙ, нәтижесі ТЕЗ. Сенбесеңіз СЫНАП көріңіз...


БІР қасық КУРКУМА өкпені ​ҚАҚЫРЫҚТАН тазалайды

фото: agronom.guru

Суық тигенде, тұмау кезінде, ауамен жұғатын вирусты инфекция жұққанда адамның өкпесі мен тамағында қақырық пайда болады. Қақырықтың әсерінен тыныс жолдары бітеліп, жөтеледі. Қақырықтан дер кезінде құтылмасаңыз, бронх тығындалып, соңы асқынуына әкеледі.


Осы орайда қақырықтан дәрісіз-ақ құтылудың 5 жолын ұсынамыз. Бұл заттарды кез келгеніңіз қолжетімді бағада таба аласыз әрі ауруыңыздан бір мезетте айығасыз.


КУРКУМА – куркуминге бай. Ол өз кезегінде күшті антисептиктің және антибактериалдық қызмет атқарады. Куркуманың көмегіне жүгінсеңіз ағзадағы бактерияның көзін құртып, қақырықты сыртқа шығарады. Сондай-ақ, иммунитетті көтереді.

фото: healthhappinessctr.com

Дайындалу әдісі:

1 шай қасық куркуманы 1 стақан қайнатылған жылы суға саласыз. Оған жарты шай қасық тұз қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған ерітіндімен тамағыңызды шаясыз. Емді күніне 3 рет жасайсыз.


ТҰЗ СУ – тамақтың ауырғанын басып, қақырықтың түсуіне ықпал етеді.

Дайындалу әдісі:

1 стақан қайнатылған жылы суға 1 шай қасық тұз қосып, мұқият араластырыңыз. Дайын болған ерітіндімен тамағыңызды, тыныс жолдарыңызды шаясыз. Аузыңызда 1 минуттай ұстау арқылы ауыз қуысын, тамақ, тыныс жолдарын микробтан және бактериядан қорғайсыз.


БАЛ мен ЛИМОН – ауамен жұғатын ауруларға керемет төтеп беретін «дәрі». Сонымен қатар бактерия мен микробтың көзін құртады әрі иммундық жүйені нығайтады.

фото: ivona.bigmir.net

Дайындалу әдісі:

Шағын ыдысқа 1 шай қасық бал мен 2 ас қасық лимон шырынын араластырыңыз. Емдік қасиеті мол бұл қоспа тамағыңызды емдейді әрі қақырықтың оңай түсуіне септігін тигізеді. Емді күніне 3 рет қабылдау керек.


БУЛАУ – тамақ ауруын емдейтін ең керемет әдіс. Сонымен қатар, тамақты жібітіп, қақырықты сыртқа шығарады. Жөтел жұмсарып, өкпенің тыныс жолдарын ашады.

фото: parenting.firstcry.com

Дайындалу әдісі:

Кеңдеу ыдысты отқа қойып, су құйыңыз. Қайнап шыққан соң 0,5 шай қасық тимьян мен 0,5 шай қасық гүлшетен (розмарин) қосып, жақсылап араластырыңыз. Сосын ыдысты оттан алып, ыңғайлы жерге қойыңыз. Өзіңіз жақындап отырып, басыңызды ыдысқа қарай еңкейтесіз. Басыңызды жылы орамалмен немесе қалың сүлгімен орауды ұмытпаңыз. Бұл емді күніне 3 рет қайталасаңыз жеткілікті.


ЗІМБІР – қақырықты түсіретін керемет дәрі. Сонымен қатар вирусқа қарсы күреседі, көкіректің ауырғанын емдеп, тыныс алуды жеңілдетеді.

фото: kylinariaohta.ru

Дайындалу әдісі:

Эмаль ыдысқа қайнаған су құясыз. Оған 6 кесек зімбір мен 1 шай қасық ащы бұрыш қосып, 5 минуттай баяу отта қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң ыдысты оттан алып қойыңыз. Емдік қасиеті мол тұнба салқындаған кезде 1 шай қасық бал араластырып, ішесіз.


Бұл әдіс тыныс жолдарын ашады, тамақ ауруын басады, қақырықты шығарып, жөтелді қойдырады. Жалпы, әлсіреген ағзаны емдеп, иммунитетті көтереді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Дереккөз: zen.yandex.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұл СЕГІЗ әдіс ЖҮРЕК ауруынан САҚТАЙДЫ


ГОРМОННЫҢ бұзылуы АҒЗАҒА өте ҚАУІПТІ екенін білесіз бе?


ТЕМПЕРАТУРАНЫ бес минутта ДӘРІСІЗ түсіруге болады