БІР шоқ ЖҮЗІМ бойыңызды билеген ШАРШАУДЫ басады

0
4 823

Бес-ақ минутта керемет нәтижеге көз жеткізесіз


БІР шоқ ЖҮЗІМ бойыңызды билеген ШАРШАУДЫ басады

фото: ru.freepik.com

Шаршау – адамның психологиялық және физиологиялық соққы алғаннан орын алады. Одан бөлек, ағза әлсірегенде, көп жұмыс істегенде, ауыр дертке шалдыққанда адам қалжырайды, шаршайды. Бұл қалыпты жағдай. Десе де, шаршау ұзағымен 7-10 күнде басылу керек. Олай болмаған жағдайда, дәрігерге тексеріліп, себепсіз шаршаудың неден болатынын анықтау керек. Егер сіз бойыңызды билеген шаршаудан арылғыңыз келсе, онда мына әдісті байқап көріңіз.


Шаршауды басатын сусындар

  • 1 дана бананды езесіз. Оған 100 мл сәбіз шырынын, 100 мл апельсин шырыны мен жарты лимонның шырынын араластырасыз. Дайын болған сұйықтыққа 2 ас қасық сұлы жармасы мен 1 шай қасық бал қосып ішесіз.

С және В дәрумендеріне, бета-каротин затына және басқа да пайдалы заттарға бай бұл емдік сусын бойыңызды билеген әлсіздіктен арылтады және шаршауды басады.

  • Эмалді ыдысқа 280 мл жылы су құясыз. Оған 4 дана кардамон, 4 дана ірі қара бұрыш, 3 дана қалампыр, зімбір (имбирь) мен даршын (корица) үгіндісін саласыз. Ыдысты отқа қойып, 20 минуттай баяу отта қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң ыдысты оттан алып, сүзесіз. Оған шым-шым қара бұрыш, 2-3 ас қасық сүт пен 1 ас қасық бал араластырып ішіңіз. Ем ретінде аталған сусынды күніне бірнеше рет ішесіз.

Бұл сусынның құрамындағы капсаицин заты зат алмасуды реттейді, жүрек-қан тамыр ауруларын емдейді әрі ағзаны қуаттандырады.


СҮТ пен ТҮЙМЕДАҚ

1 стақан сүтке 1 шай қасық дәріханалық түймедақ үгіндісін салып, отқа қоясыз. Баяу отта 20 минуттай қайнатасыз. Сосын оттан алып, шыны ыдысқа сүзіп құясыз. Емдік сүтке 1 шай қасық бал араластырып, ішесіз. Емді ұйқыға жатардан 40 минут бұрын қабылдау керек.

фото: fb.ru

ЖАҢҒАҚ пен БАЛ

1 стақан қабығынан тазартылған грек жаңғағын жақсылап ұнтақтайсыз. Оған еттартқыштан өткізілген лимон езбесі мен 1 стақан табиғи бал қосып араластырыңыз. Дайын болған емдік қоспаны 1 ас қасықтан күніне 3 рет жейсіз.

Бұл қоспа ағзаны қуаттандырады, сергектік сыйлайды әрі күні бойы көңілді жүруге септігін тигізеді.


ЖҮЗІМ

Балғын жүзім ағзаны қажетті дәрумендер мен минералды заттарға байытады. Ағзаны қуаттандырып, иммунитетті көтереді. Бойыңызды билеген шаршаудан арылғыңыз келсе, күніне бірнеше дана жүзім жеңіз немесе 1 стақан жүзім шырынын ішуді әдетке айналдырыңыз.


КЕФИР мен СУ

Жарты стақан кефирге жарты стақан қайнатылған жылы су араластырыңыз. Оған 2 шай қасық бор үгіндісін араластырып, ұйқыға жатар алдында ішесіз. Кефир қоспасы жүйкені тынықтырады, бойыңызды балбыратып, созылмалы шаршаудан арылтады.


ПИЯЗ бен БАЛ

1 стақан ұсақталған пиязға 1 стақан бал араластырып, бетін жауып қоясыз. 3 күн бөлме температурасында тұру керек. Сосын тоңазытқышқа қоясыз. Шамамен 10 күннен соң дайын болған қоспаны 1 шай қасықтан күніне 3 рет қабылдайсыз.


ТАҢҚУРАЙ тұнбасы

4 шай қасық балғын таңқурайды ыдысқа саласыз. Үстіне 2 стақан қайнаған су құйып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 3 сағаттан соң дайын болған тұнбаны жарты стақаннан ішесіз. Емді күніне 4 рет қабылдау керек.

Таңқурай тұнбасы иммунитетті нығайтып, көңіл-күйді көтереді.

фото: medvoblago.ru


ШАЙҚУРАЙ тұнбасы

1 ас қасық шайқурай (зверобой) үгіндісін 1 стақан қайнаған суға салып, жылы жерге қоясыз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1/3 стақаннан күніне 3 рет ішіңіз. Емді 3 апта бойы жалғастыру керек.


ЖОЛЖЕЛКЕН тұнбасы

10 гр. ұнтақталған жолжелкен жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жабасыз. Ыдысты жылы орап, тұндырып қоясыз. Шамамен жарты сағаттан соң сүзіп алып, 2 ас қасықтан тамақтанудан жарты сағат бұрын қабылдау керек. Емді күніне 3 рет жүргізесіз.


Шаршауды басуға БАЛ көмектеседі


БАЛ мен АЛМА сірке суы

100 гр. табиғи балға 3 шай қасық алма сірке суын қосып, жақсылап араластырыңыз. Емдік қоспаны 1 ас шай қасықтан 10 күн бойы қабылдайсыз.


БАЛ мен ЙОД

1 литр қайнатылған жылы суға 1 шай қасық бал мен бірнеше тамшы йод, 1 шай қасық алма сірке суын араластырыңыз. Дайын болған сусынды тамақтан соң қабылдайсыз. Тәулігіне 1 стақаннан артық ішуге болмайды.


БАЛ мен ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ

2 стақан балға 2 стақан грек жаңғағының үгіндісін араластырып, 1 ас қасықтан қабылдайсыз. Емді күніне 3 рет 2 апта бойы жүргізіңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: mudrost.mirtesen.ru



Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Неге ДӘРІГЕРЛЕР бұл ТАҒАМДАРДЫ жеуге БОЛМАЙДЫ дейді?


БОРЖОМИ + СҮТ - ЛАРИНГИТТІ емдейді


Өкшеге ЙОД жағу арқылы ЗОБТЫ емдеуге болады