​ДЕПРЕССИЯҒА түссеңіз БАНАН жеңіз

0
5 125

Егер күнделікті тамақтану мәзіріне мына үш азықты қоссаңыз, сіз ешқашан депрессияға түспейсіз.


​ДЕПРЕССИЯҒА түссеңіз БАНАН жеңіз

фото: Яндекс.Дзен

Депрессия – бұл ақыл-ойдың тежелуімен, сөйлеудің баяулауымен, белсенділік пен бастаманың төмендеуімен бірге жүретін дерт. Депрессияның соңы әртүрлі жүйке ауруларының белең алуына әкеледі. Тіпті, өзіне қол жұмсауы да ғажап емес. Мұндай қауіптің алдын алу үшін біз депрассияның жетегіне кетпеуіміз керек. Депрессияның емі - ешқандай дәрі не дәрігер емес. Өзіңіз екенін есіңізден шығармаңыз!


Депрессияның алғашқы белгілері:

  • Таңертең ұйқыдан тұрғыңыз келмейді, ұйқыңыз қанбайды;
  • Үнемі шаршайсыз, жұмыс істеуге құлшыныс болмайды;
  • Тәттіге құмарлықтың артуы, артық салмақ жинау;
  • Өзін-өзі кінәлау, көңілсіз жүру, қайғыға берілу, мұңға бату;
  • Адамдармен қарым-қатынас жасамау, сөйлеспеу;
  • Жалқаулық, бойкүйездік байқалады.

фото: yboard.ru

Егер осындай белгілер байқалса, дертіңізге дауа болыңыз. Өмір сүруге құштарлығыңызды арттырыңыз, өзіңіз қалаған іспен айналысыңыз, шашыңыздың түсін, стильін өзгертіңіз, жаңа киім, алқа, сырға сатып алыңыз. Мүмкіндік болса шет елге немесе басқа қалаға саяхатқа шығыңыз. Тіпті болмағанда таза ауада көбірек серуендеп, қызықты кітап оқыңыз. Достарыңызбен, туыстарыңызбен бас қосыңыз. Бұл жай ғана дүние болғанымен, сіздің жағдайыңызға керемет әсер береді.


  • Күнде 1-2 дана банан немесе 2-3 текше шоколад жеңіз. Банан мен шоколад – эндорфин мен қуаныш гормонын оятады. Ем үшін тамаққа дейін жеу керек.

Банан – депрессияның қауіпті жауы. Бұл жеміс алкалоид харман затына бай. Ал бұл зат өз кезегінде бойыңызды билеген депрессияны қуып шығады.

  • Күніне 100-200 гр. сәбіз жеңіз немесе 1 стақан сәбіз шырынын ішіңіз.
  • 1 ас қасық түймедақ (ромашка) үгіндісін 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Бөлме температурасында салқындаған соң сүзіп алып, 1 ас қасықтан ішесіз. Емді күніне 3-4 рет жүргізу керек.
  • 5 гр. ұнтақталған наурызгүлді (первоцвета) термосқа құясыз. Оған 1 стақан қайнаған су құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 2-3 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан ішіңіз. Емді күніне 2-3 рет қабылдау керек.
  • 1 ас қасық жалбыз (мята) жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. Баяу отта 10 минут қайнаған соң сүзіп алып, 1/2 стақан ішесіз. Емді таңертең және түнде жүргізу керек.
  • 250 гр. сұлы дәнін салқын суға салып, жақсылап жуыңыз. Сосын отқа күймейтін ыдысқа саласыз. Үстіне 1 литр салқын су құйып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң отын баяулатасыз. Дән піскен кезде қайнатпаны сүзіп алып, күні бойы ішу керек. Татымы ұнамаса 1 шай қасық бал қосуға болады.
  • 100 гр. мейізді, 100 гр. кептірілген өрікті, 100 гр. қара өрікті, 100 гр. жаңғақты, 1 дана лимонды қабығымен еттартқыштан өткізесіз. Оған бал араластырып, шыны ыдысқа саласыз. Дәруменге бай қоспаны күнде таңғы астан алдын 1 ас қасықтан жейсіз. Қоспаны тоңазытқышта сақтау керектігін ұмытпаңыз.
  • 20 гр. ұнтақталған шашыратқы (цикорий) тамырын 1 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. Баяу отта 10 минут қайнау керек. Сосын оттан алып, бетін жауып қойыңыз. Қайнатпа жылыған кезде сүзіп алып, 1 ас қасықтан ішіңіз. Емді күніне 5-6 рет қабылдауға болады.
  • 20 гр. гүлшетен (розмарин) жапырағын ыдысқа салыңыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, отқа қойыңыз. 15-20 минут баяу отта қайнау керек. Осы уақыттан соң қайнатпаны сүзіп алып, 1/2 шай қасықтан тамақтанудан 30 минут алдын қабылдайсыз.

Аталған халық емі депрессияны жеңіп, бойыңызға қуат-күш әрі сергектік сыйлайды.

фото: zdorovieinfo.ru


Оған қоса, бал қосылған ваннаның да денсаулыққа тигізетін пайдасы мол. Ол үшін ваннаға қажетінше жылы су құйыңыз. Оған жаужапырақ (мелисса) немесе бал араластырып, шомылсаңыз, денеңіз сергіп, бойыңызды балқытады.

Одан бөлек таңертең тұз сумен жуыныңыз. Ол үшін 1 литр жылы суға 1 шай қасық тұз араластырып, бетіңізді, мойныңызды, қол, иықты жуу керек.

Күні бойғы шаршау мен ашушаңдықтың ізі де қалмайды. Емді ұйқыға жатар кезде жүргізген жөн.


Депрессияға түскенде тамаққа да көңіл бөліңіз

Шай, кофе, алкоголь, ақ ұннан дайындалған тағамдар, шекер, химиялық қоспа қосылған азықтар мен ащы дәмдеуіштерге үзілді-кесілді тыйым салыңыз. Міндетті түрде күніне 3 рет тамақтаныңыз. Таңертең жеміс, жаңғақ және сүтті үзбеңіз. Түсте қайнатылған немесе бұқтырылған көкөніс, қара ұннан әзірленген нан және 1 стақан сүт тұтыныңыз. Ал кешке жасыл көкөніс қосылған салат, ірімшік, сүт ішуге болады.

Депрессияның тағы бір емі – алма. Бұл жемістің құрамы В дәруменімен, фосфор және калий элементімен байытылған. Ал бұл пайдалы заттар өз кезегінде жүйке жасушаларын оятып, белсенді ететін глютамин қышқылымен қамтамасыз етеді.


Егер күнделікті тамақтану мәзіріне алма, сүт және бал қоссаңыз, сіз ешқашан депрессияға түспейсіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз

Дереккөз: apteka72.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көктемгі АЛЛЕРГИЯНЫ кәдімгі БАЛМЕН емдеуге болады


Шашыңыз ТҮСУІН тоқтатпаса АРАҚПЕН жуыңыз


Қандай СУ ішу керек: ҚАЙНАҒАН немесе МИНЕРАЛДЫ су