​ЕКІ дана БАНАН іштің КЕБУІН емдейді

0
19 691

Іштің кебуін түрлі тәсілдермен емдеуге болады.


​ЕКІ дана БАНАН іштің КЕБУІН емдейді

фото: versiya.info

Іштің кебуі – ішекте газдың шамадан тыс жинақталуынан орын алады. Салдарынан адамды жайсыздыққа әкеледі. Бұл кезде іш құрылдап, жел шықпай, ішіңізді ауыртады. Тіпті, өз-өзіңізден қысылып, мазаңыз кетеді.

Іш кебуі көбінесе ашқарынға көп тамақ жегеннен, асығып тамақтанғаннан болады. Мұның алдын алу үшін мына 5 түрлі әдісті қолдансаңыз болады.


ЗІМБІР

Зімбірдің емдік қасиеті бұрыннан белгілі. Оның құрамы адам ағзасына пайдалы заттарға бай. Сонымен қатар, іш кеуіп, ісінген кезде көмектесе алады. Нақтырақ айтқанда, зімбірдің құрамындағы фермент асқазан, ішек жолдарының жұмысын реттеуге, қалпына келтіруге әрі саулығын жақсартуға септігін тигізеді.


БАНАН


фото: cwatlanta.cbslocal.com

Бұл жемістің құрамында калий элементі кездеседі. Ал бұл элемент өз кезегінде ағзадағы артық суды кетіруге көмектеседі. Егер ішіңіз кеуіп, жайсыздыққа тап болсаңыз, мұны 2 дана бананмен шеше аласыз. Ал тұзды қияр немесе саңырауқұлақ жегеннен ішіңіз кебетін болса, онда күніне 3 дана банан жеңіз.


ЛИМОН

Лимон шырыны асқазан, ішек жолдарының жұмысын реттеуге қабілетті. Сондықтан да мамандар іштің кебуі кезінде немесе қыжыл мазалағанда лимон қосылған су немесе лимон шырынын ішуге кеңес береді.


АВОКАДО

Бұл бағалы жеміс те калий элементінің қайнар көзі болып табылады. Оған қоса, жалпы ағзаның және ішектің саулығын арттыратын антиоксидантты кездестіресіз.


ҚИЯР


фото: 1zoom.ru

Құрамының басым бөлігін су құрайтын бұл көкөністің де пайдалылығы орасан. Сондықтан да күніне кем дегенде 2-3 дана қияр жеуді әдетке айналдырсаңыз, іштің кебуі, ішекке газ жиналу, іштің ауруы, қыжыл секілді жайсыздықтардан алыс боласыз.


ҚЫША

1 шай қасық қыша қыжылға, газ бен іштің кебуіне керемет ем болады. Егер сізде іштің кебуі жиі қайталанса, онда үзбей қыша жеуге тура келеді. Ол үшін 1 стақан жылы суға 1 шай қасық қышаны араластырып, ішесіз. Егер татымы ұнамаса артынан 1 шай қасық бал жеуге болады.


АС СОДАСЫ

Ас содасы да іштің кебуіне ем болатын заттардың бірі. Өзіңізді мазалаған жайсыздықтан арылу үшін 1 стақан қайнатылған жылы суға жарты лимонның сөлі мен 1 шай қасық ас содасын араластырып ішіңіз. 5 минуттан кейін-ақ кекірік пайда болып, асқазан мен ішектің жұмысын жеңілдетеді.


ЖАЛБЫЗ ШАЙЫ


фото: муп-апу.рф

Құрамындағы пайдалы заттарының арқасында іштің кебуіне ем болады әрі газды шығарады. Ол үшін жалбызды кәдімгі шай сияқты демдеп, 5-10 минут тұндырып қоясыз. Емдік қасиеті мол шайды ұйқыға жатардан алдын 1 шыны ішесіз.


АЛМА СІРКЕ СУЫ

Алма сірке суы ағзадағы артық газды сыртқа шығарып, ішектің жұмысын жеңілдетуге қабілетті. Ол үшін 1 стақан қайнатылған суға 2 ас қасық алма сірке суын араластырыңыз. Дайын болған сусынды күніне 1 рет ішесіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ағзадағы ҚҰРТТАН құтылу үшін мына БЕС тұнбаны ішіңіз

Мына АЛТЫ ауру мазалағанда КОФЕ ішіңіз