​Қандай АУРУДЫ қызыл ПИЯЗБЕН емдеуге болады?

0
8 102

1 келі пияз 5 түрлі аурудан айықтырады


​Қандай АУРУДЫ қызыл ПИЯЗБЕН емдеуге болады?

фото: myolive.ca

Пияз – кез келген тағамға қосылатын пайдалы көкөніс. Өткір иісі мен ащы дәмі үшін бұл көкөністі онша ұната бермейтіндер де бар. Бірақ пиязсыз тамақтың тәтті болмайтыны тағы бар. Әсіресе, салқын күнде оған деген сұраныс арта түседі. Салат пен тағамның дәмін де, түсін де жақсартатын қызыл түсті пияздың емдік қасиеті де баршылық екен.


Қызыл пияз:

  • Салқын тию;
  • Холестерин;
  • Диабет;
  • Геморрой;
  • Ішек құрты;
  • Гастрит;
  • Несеп жолдары;
  • Қызыл иектің қабынуы;
  • Зат алмасу;
  • Жүрек қан-тамыр ауруларына ем болады.


ЖӨТЕЛ МАЗАЛАҒАНДА

1 келі қызыл пиязды майда үккіштен немесе еттартқыштан өткізесіз. Езбені жарты литрлік шыны банкіге толтырып саласыз. Оны алдын ала дайындалған нанға арналған қамырға орап, пешке қойыңыз. Нан піскен кезде пешті өшіріңіз. Бірақ нанды алуға болмайды. Салқындағанша пеште тұрғаны дұрыс. Нан салқындаған кезде сыртқа алып, банкідегі емдік қоспаны қолданасыз.

Дайын болған езбені ересектерге жарты шай қасықтан тамақтан соң қабылдау керек. Емделу мерзімі – күніне 4 рет.

Ал балаларға жарты шай қасықтан күніне 2 рет берсеңіз жөтелден біржолата айықтырады.

фото: onashem.mediasole.ru


ҚАН ҚЫСЫМЫ КӨТЕРІЛГЕНДЕ

2 дана қызыл пиязды еттартқыштан өткізіңіз. Дайын болған езбеге сондай көлемде бал араластырып, күніне 3 рет қабылдайсыз. Емді тамақтанудан 3 сағат алдын 1 ас қасықтан ішу керек.


ҚАН ҚЫСЫМЫ ТӨМЕНДЕГЕНДЕ

Ал төмендеген қан қысымын да бал мен пияз қалпына келтіре алады. Ол үшін тура осы әдіспен езбе дайындап аласыз. Бірақ қоспаны тамақтан алдын емес, тамақтан соң яғни 3 сағаттан кейін 1 ас қасықтан қабылдайсыз. Емделу мерзімі – 2 ай.

Бұл емдік қоспа қан қысымын қалыпты ұстап тұруға септігін тигізеді.

фото: ymadam.ru


ҚАҚЫРЫҚТЫ ТҮСІРЕДІ

Шикі пиязды еттартқыштан өткізіп, кеңдеу ыдысқа саласыз. Оған бал мен қоңыр қант қосып, бетін жауып қоясыз. Бір тәуліктен соң ыдыстағы пияз шәрбатын сүзіп алып, ішке қабылдайсыз. Бұл шәрбат ұзаққа созылған жөтелді емдейді әрі қақырықты түсіреді.


ГЕМОРРОЙДЫ ЕМДЕЙДІ

Егер сізді геморрой мезі етсе, еш ойланбай қызыл пияздың шырынын сығып алыңыз. Емдік шырынды тамақтанудан 15 минут бұрын 1 шай қасықтан ішке қабылдайсыз. Нәтижесін 1 жұмадан кейін-ақ байқауға болады.


Сонымен қатар, жүрегі, ауыз қуысы, асқазаны ауыратындарға қызыл пиязды көбірек жеуге кеңес береміз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Материал түрлі дереккөздерінен алынды.

Аударған: Л.АХМЕТОВА,

Тағы оқыңыз:


ТАМАҚ ауруы БІР КҮНДЕ жазылады