​«КІРНЕ САЛУ» деген не?

0
960

Бала ауырғанда неге осы әдісті жасаған?


​«КІРНЕ САЛУ» деген не?

фото: sunna.kz

Жеңгемнiң бес айлық баласы бiрде қатты ауырып қалды. Қызуы көтерiлiп жылай бередi. Аймақтық дәрігерлерді де шақырдық, суықтап қалған деп екпелер, дәрiлер жазып, ыстығын түсiрдi бiраз. Бiрақ түнiмен шырылдап жылап шықты. Содан таңға дейін баламен алысып, жеңгем де ұйқы көрген жоқ. Таңертең жедел жәрдем шақырайын деп оқталып едік, көпті көрген әжеміз қонаққа келген болатын сол кезде. Сол кісі тоқтатты бізді.

«Балаға не болып жатқанын анасынан артық кім біледі, баланы босқа дәрімен улай бермей, аналарымыз жасаған емді қолданып көрмейсіңдер ме? Суықтаған ештеңесi жоқ, бала кiрнелеп қалған ғой» деп от жағып, сосын оның күлiн бiраз суығаннан соң, кесеге толтырып алып, оған өсiмдiк майын тамызып, бетiн орамалмен жауып баланың iшiне баса бердi. Бiр жарты сағаттай солай еткеннен соң, бала қатты терлеп, жылағанын қойып ұйықтап қалды. Ал жеңгем болса осының барлығын көріп, «балам күйiп қалады» деп шыр-пыры шығып жүрдi. Ертесiне баласы құлан- таза жазылып кеттi. Мен шынымен таң қалдым, бұл менің бала күнімде куә болған оқиғам еді. Кейін тек осындай жағдайлар туындаған кезде ғана есіме түседі.

Кiрне деген не сонда? Медицинаның мұндайды емдеуге неге қауқары жетпейді деп ойланатынмын.

Бірақ медицинаның өз жолы бар, алайда, ата-бабамыз сенген және қазақшылыққа салып ырымын жасап, көз тиген, кірнелеген балаға осындай ем-дом жасайтын дәстүрлер әлі де бар ел ішінде.

Жалпы мұның ешқандай зияны немесе бір жері ауырғаннан шырылдап жылап жатқан балаға кері әсері жоқ.


фото: www.how.com.vn


Кірне салудың да өзіндік тәртібі бар

Адамға тіл-көз, сұқ тигенде көзі ішке тартып, мазасы кетеді. Ал нәрестелердің мұндайда «еңбегі» төмен түсіп, жиі жылайды.

Оған қоса күннен-күнге әлсіреп, тамаққа тәбеті нашарлайды. Мұндай жағдайда үлкендер жағы дереу кірне салып жібереді. Енді сол кірненің қалай салынатынын айтайық.

Кірне салу үшін жылы күл керек. Оны ұн, күріш, тұз, бұрыш, пияз, сарымсақ, өсімдік майымен араластырады. Бәрін кесеге салып, бетін матамен түбінен ұстайтындай етіп орап тұрып, сырқатты емдеуге кірісу керек.

Емді «Бисмилләні» айтып бастау керек. Әрбір екі-үш минутта кесені ашып, бетінен бір шымшым күл алып тастап отырған жөн.

Кірне салу үшін сырқатты ыңғайлап отырғызып, кесені оның алды-артынан, жоғары-төмен қозғап отырады. Сонымен бірге екі табанынан бірдеңені суырып алып жатқандай қозғалыс­тар жасау керек.

Мұндай ем науқастың ауырлығына қарай үш, жеті, он төрт, жиырма бір күнге дейін созылады. Он төрт немесе жиырма бір күн ем жүргізгенде науқастың әр жеті күнде бір апта демалып келгені дұрыс дейді көнекөз емшілер.

Кірнеден кейін көп адамдар ауруынан тез айығып, сергіп шыға келеді. Оның қандай құпиясы бары бір Аллаға ғана аян. Мүмкін ыстық күл мен ащы заттардың аурудан айығуға тигізетін әсері бар шығар?

Қалай болғанда да бұл – ата-бабамыздан келе жат­қан халық емінің бір түрі.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«КӨҢІЛ СҰРАУ» - науқастың тез айығуына себеп болады

ШАШты ӨРГЕНДЕ осы СӨЗДЕР айтылуы керек