ҚЫЖЫЛДАН бір-ақ күнде ​ҚҰТЫЛУҒА болады

0
9 396

Ол үшін мына 3 әдісті қолданасыз


ҚЫЖЫЛДАН бір-ақ күнде ​ҚҰТЫЛУҒА болады

фото: jkmensjournal.ru

Қыжыл – кез келген жасты мазалайтын ауру. Әсіресе тамақтан соң өңеш пен жұтқыншақтың айналасы күйдіріп жатқандай сезіледі. Оған қоса, кекірік, көкірек айналасының ауруы, ауызға қышқыл дәмнің келуі байқалады.


Десе де, қыжыл дені сау адамда кездеспейді. Оның пайда болуына мына жағдайлар себеп болады:

  • артық тамақтану;
  • түнде тамақ жеу;
  • спиртті ішімдік, тым ыстық шай мен кофе, шоколад, цитрусты жемістер, майлы және жалбыз қосылған тағамдар тұтыну;
  • артық салмақ;
  • жүктілік;
  • темекі шегу;
  • іштің айналасын қысып байлау себеп болуы мүмкін.

Одан бөлек, асқазандағы қышқыл көбейгенде, асқазан немесе 12 елі ішектің саулығы сыр бере бастағанда қыжылмен көрініс табады.

Қыжылдан құтылу үшін дәрігерлер біраз дәрілерді ұсынады. Алайда саулығыңызға да, сұлулығыңызға да өте қажет әрі пайдалы сусынды ішу арқылы бойыңыздағы мазасыздықтан арыласыз.

фото: slovarion.ru

ШЫРЫНМЕН емделу

2 дана картопты тазалап жуып, қабығын аршисыз. Сосын шырынсыққыштан өткізіңіз. Дайын болған шырынды шыны ыдысқа құйып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 2-3 минуттан соң крахмалы төменге түскен кезде шырынды ішесіз. Дайын шырын 10 минутқа қалып кетсе, емдік қасиеті жоғалтатынын ескеріңіз.

Қыжылдан құтылу үшін картоп шырынын таңертең ашқарынға ішесіз. Сосын таңғы асты 1 сағаттан кейін жеуге болады. Емделу мерзімі – 10 күн.

ЕСКЕРІҢІЗ! Картоп шырынын диабетпен ауыратындарға ішуге болмайды.

фото: kulinarno-joana.com

ШӨПТЕРМЕН емделу

  • 1 стақан қайнаған суға 2-3 ас қасық кептірілген түймедақты (ромашка) саласыз. Ыдыстың бетін жауып, 20-25 минуттай тұндырып қоясыз. Тұнба салқындаған кезде сүзіп алып, аз-аз жұтымнан ішесіз.
  • 1 стақан қайнаған суды термосқа құясыз. Үстіне 2 ас қасық үгілген андыз (аир) тамырын салып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 20-25 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ішесіз. Тұнба бір ішкеннен-ақ оң әсерін береді. Алайда бүйрегі ауыратындарға бұл тұнбаны ішуге кеңес берілмейді.
  • 20 гр. көкгүл (горечавка) тамырын 1 стақан қайнаған суға саласыз. Жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 шай қасықтан ішесіз. Емді тамақтанудан жарты сағат бұрын қабылдау керек.
  • 1 шай қасық үгілген жалбызды 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жылы күйінде аз-аз жұтымнан ішесіз.
  • 1 ас қасық толғақшөпті (золототысячник) 1 стақан қайнаған суға салыңыз. Стақанды ыстық суға салып, 20 минуттай бұлау жасау керек. Тұнба салқындаған кезде сүзіп алып, 1 ас қасық бал қосасыз. Дайын болған емдік сусынды жарты стақаннан 2-ге бөліп ішесіз.
  • 1 ас қасық үгілген ақшайырды (сушеница) термосқа саласыз. Үстіне 200 мл қайнаған су құйып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 2-3 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, әр тамақтан алдын 1 ас қасықтан қабылдайсыз.

фото: mrfilin.com

ДӘНМЕН емделу

  • Аскөк пен әніс дәнін бірдей көлемде алып, 1 стақан қайнаған суға саласыз. Тұнба салқындаған кезде сүзіп алып, аз жұтымнан ішесіз.
  • 1 ас қасық зығыр дәнін 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Тұнбаны түнде әзірлеу керек. Таңертең дайын болған қоймалжыңды теңдей 3-ке бөліп, тамақтанудан жарты сағат бұрын қабылдайсыз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.
  • Бір-бір уыс асқабақ немесе күнбағыс дәндерін пешке салып, қыздырыңыз. Жақсылап кепкен соң таңертең ашқарынға шағып жейсіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Дереккөз: blog.altaimag.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚЫСТА қандай ДӘРУМЕН ішу керектігін БІЛЕСІЗ БЕ?


Несептің ТҮСІ мен ИІСІ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?


ҚАНДЫ үш ӘДІСПЕН тазарту арқылы МЫНА аурулардан айығасыз