​МАРГАНЕЦ ерітіндісі АНГИНАНЫ емдейді

0
8 902

Қалай және қай уақытта қолдану керектігі төменде толық жазылған.


​МАРГАНЕЦ ерітіндісі АНГИНАНЫ емдейді

фото: av-bir.ru

Ангина – инфекциялық ауру. Тыныс жолдарының, бадамша бездің қабынуынан пайда болады. Салқын және ылғалды ауа райында жиі мазалайды. Ангина көбінесе созылмалы бадамша безі ауыратындар мен тісіне кариес түскендерде көрініс береді.


АНГИНАНЫҢ белгілері:

  • әлсіздік;
  • жұтынған кездегі ауырлық;
  • қызудың көтерілуі;
  • бас ауруы.


Ангина катаралды, фолликулярлы және лакунарлы болып үшке бөлінеді:

  1. Катаралды ангинада бадамша без қызарып, ісінеді;
  2. Фолликулярлы ангинада бадамша без іріңдейді;
  3. Лакунарлы ангинада бадамша без толығымен жабылады. Бұл енді аурудың асқынған түрі болып саналады. Бұл кезде ангинаны дәрімен емес, екпе салу арқылы емдеуге тура келеді. Десе де, екпе салдыруға келісе салатындар аз. Оның орнына халықтық жолмен дертіңізге дауа тапсаңыз болады. Төменде ангинаға ем болатын өте тиімді әдістерді ұсынамыз.

фото: medaboutme.ru

САМЫРСЫН майы

Тамызғыштың немесе шприцтің көмегімен таза самырсын майын таңдайыңызға тамызасыз. Бұл емді күніне 4-6 сағат сайын қайталап отырсаңыз, тез нәтижесін байқайсыз. Егер сізде созылмалы ангина болса, онда самырсын майын таңдайыңызға жағасыз және 1-2 тамшы мұрныңызға тамызасыз. Бұл кезде мұрныңыз дызылдап, көзіңізден жас тамады. Есесіне, мұрныңыздан қақырық түсіп, бойыңызды билеген суықтан құтыласыз. Бұл емді жасаған соң 15-20 минут өтпей-ақ, тыныс жолдарыңыз ашылып, жұтқыншақтың ауырғаны басылады.


МАРГАНЕЦ ерітіндісі

0,5 литр қайнатылған жылы суға пышақтың ұшымен марганец ерітіндісін салыңыз. Оған бірнеше тамшы йод, 0,5 шай қасық ас содасы мен 0,5 шай қасық тұз қосып, жақсылап араластырасыз. Дайын болған алқызыл түсті сумен тамығыңызды шаясыз. Емді 5-7 минут жүргізу керек. Аталған емді қолдану арқылы ангинадан біржолата құтылатыныңызға сеніңіз.


СІРКЕ суы

Иә, таңқалған, тіпті қорыққан да боларсыз. Бірақ бізге алма сірке суы көмектеседі. Бірдей көлемде алма сірке суы мен қайнатылған жылы суды араластырасыз. Осы емдік сумен тамағыңызды жақсылап шайыңыз. Бұл су тыныс жолдарын, бадамша безді, мұрын қуысын тазалауға қауқарлы.


Бұл 3 әдіске керек емдік заттар кез келгеніміздің ас үйімізден немесе дәрі қобдишамыздан табылады. Бастысы, емді белгіленген мөлшермен уақытылы жүргізсеңіз болғаны.

Ал енді халықтық шөптердің емдік қасиетіне тоқталамыз. Оларды ангинамен күресу үшін қалай, қай уақытта қолдану керектігін айтамыз.

фото: postila.ru


ҚАРАҒАЙ бүршігі

Ем үшін жасыл түсті бұршақ керек. Бұл тұнбаны ауа салқындаған кезде-ақ жасап қойсаңыз болады. Әсіресе, жақындары тамақ, өкпе, тыныс жолдары ауруына тез шалдығатындарға өте қажет.

Сонымен 2 келі жасыл түсті бұршақты қақпағы жабылатын ыдысқа саласыз. Үстіне 1 келі таза бал құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 2-3 ай өткен соң дайын болған тұнбаны 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет қабылдайсыз. Емді тамақтан алдын жүргізу керек.

Емдік қасиеті керемет бұл тұнбамен жөтелді, ангинаны, тұмауды емдеуге болады.


ЖАЛБЫЗТІКЕН тамыры

Ыдысқа 2 ас қасық ұсақталған жалбызтікен (алтей) тамырын 0,5 литр салқын суға салып, отқа қоясыз. Қайнауға жақындағанда отын бәсеңдетіп, қақпағын қиялатып жабасыз. 5 минуттай қайнаған соң, отын өшіріп, қақпағын мықтап жабыңыз. Ыдысты сыртынан жылы орап, 2 сағаттай тұндырып қоясыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жылы күйінде тамағыңызды шаясыз.


ШАЙҚУРАЙ шөбі

2 ас қасық кептірілген шайқурай (зверобой) шөбін 1 стақан қайнаған суға салып, қақпағын мықтап жабыңыз. Тұнбаны кең ыдыстағы ыстық суға салып, сыртынан бұлау жасау керек. 15 минуттай тұрған соң бөлме температурасында жылытыңыз. Дайын болған тұнбамен тамағыңызды, ауыз қуысын шая беруге болады.


СӘЛБЕН жапырағы

1 ас қасық кептірілген сәлбенді (шалфей) 1 стақан қайнаған суға салып, жылы орап қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң сүзіп алып, жарты стақанын ішесіз, қалғанымен тамағыңызды шаясыз. Емді тамақтанудан 15 минут бұрын жүргізу керек.


ҚАЛАҚАЙ гүлі

1 ас қасық кептірілген қалақай (календула) гүлін 1 стақан қайнаған суға салып, жылы орап қойыңыз. Бір сағаттай тұндырылған тұнбаны сүзіп алып, әр 2-3 сағат сайын тамағыңызды шаясыз. Емді 10 минут жүргізу керек.


ҚАРА БҮЛДІРГЕН жапырағы

2 шай қасық қара бүлдірген (ежевика) жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 2 сағаттан соң сүзіп алып, тамығыңызды шаясыз. Бұл тұнба ауыз қуысының қабынуына, қызыл иектің қанауына, тыныс жолдарының суықтауына ем болады.


ТҮЙМЕДАҚ гүлі

1 ас қасық дәріханалық түймедақ (ромашка) гүлін 1 стақан қайнаған суға салып, орап қойыңыз. 30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, тамағыңызды шаясыз. Емдік қаситеі мол түймедақ тұнбасын мұрынға тамызсаңыз да ем болады. Оған қоса, денеңізді дендеген суықты шығарады.


Қайсы емді қолдансаңыз да 3 ережені ұмытпаңыз. Бірінші, белгіленген мөлшер, екінші айтылған уақыт және үшіншісі шыдам. Осы үш ережені сақтасаңыз, ангина деген аурудан біржолата айығасыз. Өзіңіз қолданыңыз, нәтижесін жақындарыңызбен бөлісіңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: hw-lecar.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АНТИБИОТИК қабылдағаннан кейін АҒЗАНЫ қалай қалпына келтіруге болады?


Әйелдердің ІШІ ШЫҒЫП кетуіне мына 7 жағдай СЕБЕП болады


БАС ауруынан ДӘРІСІЗ арылуға болады