​СӘБІЗ жесеңіз ДЕПРЕССИЯДАН арыласыз

0
6 481

ҚАЛАЙ және ҚАНША жеу керектігі төменде толық жазылған


​СӘБІЗ жесеңіз ДЕПРЕССИЯДАН арыласыз

фото: rus-health.info

Адам депрессияға түскенде өзінен өзі оқшауланады, көңіл-күйі болмайды, мейлінше жалғыз қалуға тырысады. Бұған көбінесе, жақын адамынан айырылу, жаны қатты жаралану, отбасында немесе жұмыс орнындағы жағымсыз жағдайлар себеп болады. Ал кейде еш себепсіз көңіліңнің түсетіні бар. Көңілсіз жүруіңнің, күлмеуіңнің, айналаңмен араласпауыңның себебін өзің де түсінбейтін кезеңнен өтесің. Бұл кезде жағдайыңды өзге түгілі, өзіңе түсіндіре алмайсың. Бірақ уақыт өте келе өз қалпыңа қайта оралып, ештеме болмағандай күй кешесің. Егер еш себепсіз депрессияға түссеңіз, бұл қауіпті екенін біле жүріңіз. Сізде жүйке ауруларының алғашқы белгілері пайда болып жатқанын білдіреді.

Уақыт созбай дәрігерге тексеріліп, жағдайыңызды анықтап алыңыз. Ал кейбіріміз депрессияны қатты шаршаумен немесе жалпы жағдайдың нашарлауымен шатастырып аламыз.

Қандай жағдай болса да депрессияға түсуден сақтанайық. Ол үшін дәрігерлер дәрі-дәрмек ұсынатын шығар, ал біз өз кезегімізде халықтық әдіспен дертіңізге дауа табыңыз деп кеңес береміз.


Халық емі бірнеше өсімдіктерді ұсынады. Соның ішінде банан мен адамтамырдың (женьшень) емдік қасиетінің орасан екенін алға тартады.

фото: pokadepressiya.ru

БАНАН

Депрессияның ең мықты жауы банан. Оның құрамындағы алкалоид харман заты депрессияның күшеюіне тоқтау салатын көрінеді. Сондықтан да күніне 1 рет 1 дана банан жеуді әдетке айналдырыңыз.


СӘБІЗ

Күніне 100-200 гр. сәбіз жеңіз немесе 1 стақан сәбіз шырынын ішіңіз. Сәбіз депрессияға түсуге жол бермейді әрі жүйке ауруларынан сақтайды.


САБАН

3 ас қасық майдаланған сабанды 2 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 30 минуттан соң сүзіп алып, тәулік бойы бөліп-бөліп ішесіз. Бұл тұнба жалпы жағдайыңызды жақсартады.


АҚКЕКІРЕ

1 ас қасық ақкекіре (астра) гүлін 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішіңіз. Бұл тұнба жүйке жүйесін тыныштандырып, шаршауды басады әрі сабыр сақтауғы бейімделесіз.

фото: stop-kashel.ru


АДАМТАМЫР

Адамтамырдың кептірілген тамырын немесе жапырағынан 1 ас қасық алып, 1 стақан қайнатылған суға саласыз. 25-30 минуттай тұндыру керек. Осы уақыт өткен соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 шай қасықтан ішесіз. Емді күніне 1 рет жүргізу керек.


БАЛДЫРҒАН

1 шай қасық үгітілген балдырған (дягиль) тамырын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, 0,5 стақаннан күніне 3-4 рет ішіңіз. Емдік тұнбаның жүйке жүйесін тыныштандыратын қасиеті мол.


ТАРАН

2-3 ас қасық таран (горец) шөбін 2 стақан қайнаған суға салып тұндырып қоясыз. Дайын болған тұнбаны сүзіп алып, тамақтан алдын қабылдау керек. Аталған тұнба депрессиядан құтқарады, жүйке жүйесін тыныштандырып, бойыңыздағы әлсіздікті жояды.


КӨКГҮЛ

2 шай қасық ұнтақталған көкгүл (горечавка) шөбі мен тамырын 1 стақан суға салып, отқа қоясыз. 10 минуттай қайнатып алып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 0,5 стақаннан күніне 3 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан 30 минут бұрын жүргізу керек.

Көкгүл тұнбасы бойыңыздағы әлсіздікті жояды, қуаттандырады әрі жүйке жүйесін тынықтырады.


ЖАЛБЫЗ

1 ас қасық жалбыз жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, 10 минуттай баяу отта қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң отын өшіріп, тұнбаны сүзіп алыңыз. Дайын болған емдік сусынды 0,5 стақаннан таңертең және кешке ішесіз.

Жалбыз тұнбасы – жүйке ауруларына ем болады, ұйқысыздықтан арылтады әрі бойыңызға қуат береді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: hw-lecar.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына ҮШ тұнба ҚАН ҚЫСЫМЫН түсіреді


Әйелдердің ІШІ ШЫҒЫП кетуіне мына 7 жағдай СЕБЕП болады


Мына АЛТЫ әдіс ӨМІРІҢІЗДІ ұзартады