​ТІЗЕНІҢ ауырғанын балғын ҚИЯР емдейді

0
7 528

Қалай қолдану керектігін төмендегі мәліметтен біле аласыз


​ТІЗЕНІҢ ауырғанын балғын ҚИЯР емдейді

фото: folkextreme.ru

Тізенің ауырсынуы – ұрып алған жағдайда болады. Егер еш себепсіз ауырса, онда себебін анықтаңыз. Терапевт дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Ол сараптамаға қарап қайсы дәрігерге бару керектігін айтады. Егер тізеңіз буынның суықтауынан ауырып жүрген болса, халық әдісімен дертіңізге дауа тапсаңыз болады.

Егер дер кезінде емдемесеңіз, ауру созылмалы болып, қауіпті асқынуларды тудыруы мүмкін. сондықтан уақыт созбай мына әдіспен тізеңізді емдеңіз. Бұл әдіс тізе буындарының бұрынғы қозғалғыштығын қалпына келтіруге көмектеседі.

фото: medaboutme.ru

  • 1 ас қасық ұнтақталған талшын (каштан) гүлін, 1 ас қасық бөртегүлді (сирень) және бақбақ (одуванчик) гүлінің үгіндісін араластырасыз. Оның 3 ас қасығын шыны ыдысқа құйыңыз. Үстіне 0,5 литр арақ құйып, қақпағын мықтап жабасыз. Тура бір аптадан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, тізеңізге сіңдіріп жағыңыз. Сыртынан жылы орап, жатасыз. Емнің нәтижесін 2 күннен соң сезе бастайсыз.
  • 2 ас қасық балшықты ыдысқа саласыз. Үстіне жылы су құйып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоймалжыңды тізеңізге жағып, жылы орап қоясыз. Емді күнде түнде жатар кезде жасау керек. Емделу мерзімі – 2 апта.
  • 1 дана балғын қиярды блендермен езіп, тізеңізге жағыңыз. Сыртынан пленка қойып, жылы орайсыз. Емді түнде жатар кезде жүргізу керек. Таңертең тізеңізді жылы сумен жуып, құрғатып сүртесіз.
  • 1 ас қасық бал мен 1 ас қасық тұзды араластырасыз. Қоспаны ауырған тізеңізге жағып, сыртынан жылы ораңыз. Компресс аяқта 6 сағат тұру керек. Бұл ем аяқтың қан айналымын реттеп, буынның саулығын жақсартады. Оған қоса, тізенің қабынуын емдейді.
  • 2 ас қасық суды желатинге құйып, араластырыңыз. Бірнеше сағат тұндырылған қоймалжыңды тізеге сіңдіріп жағып, сыртынан жылы орайсыз. Бұл қоспа аяқтағы суықты алады.
  • Балғын қырыққабаттың сөлі де тізенің ауырғанына ем болады. Ол үшін көкөністің сөлін алып, тізеңізге жағасыз. Сыртынан жылы орап, 2 сағатқа қалдырыңыз.
  • 0,5 келі каланхоэ шөбін шыны ыдысқа салыңыз. Үстіне 1 литр арақ құйып, қақпағын мықтып жабу керек. Шамамен 1 аптадан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ауырған тізеңізге жағыңыз.
  • Езілген сарымсақты күнбағыс майымен араластырып, тұндырып қоясыз. 25-30 минутан соң майды ауырған тізеңізге жағып, жылы орап жатасыз.
  • 0.5 литр балға 2 дана лимон мен балдыркөкті араластырасыз. Дайын болған қоспаны 1 шай қасықтан ішіңіз. Емді күніне 3 рет қабылдау қажет.
  • Таңқурайдың жапырағын стақанға салыңыз. Үстіне ыстық су құйып, демдейсіз. 5-10 минуттан соң тұнбаны шай ретінде ішіңіз.

фото: bezmedikov.ru

Үй жағдайында дайындалған мазь

  1. 1:2 көлемде шайқурай (зверобой) мен мыңжапырақ (тысячелистник) шөбін араластырасыз. Емдік шөпті жақсылап ұнтақтап, вазелинмен араластырыңыз. Дайын болған қоймалжыңды тізеңізге жақсылап жағып, ұйқыға жатасыз. Емді түнде жатарк езде жасаған жөн. Емделу мерзімі – 2 апта.
  2. 250 мл зәйтүн майын езілген ара желіміне құйып, жақсылап араластырасыз. Дайын болған мазьді күнде тізеңізге жағып, ем жүргізесіз.
  3. Бір дана пиязды текшелеп турап, қызып тұрған майға саласыз. Сарғайып қуырылған пиязға балауыз қосыңыз. Қуырманы сүзіп алыңыз. Қалған майды ауырған тізеңізге жағасыз.
  4. 100 гр. балға 1 шай қасықтан ас сода, тұз және қыша қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған мазьді ауырған тізеңізге жағып, жатасыз. Емді күніне екі рет жүргізу керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: sustavlive.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЕСТЕ САҚТАУ қабілеті неге НАШАРЛАЙДЫ?


ТЕМЕКІні тастағыңыз келсе СҰЛЫ қайнатпасын ішіңіз


ЗӘРДІҢ ТҰНЫҚ болмауы БҮЙРЕКТЕГІ ТАСТАН хабар береді – дәрігер