ҚАНТ ДИАБЕТІ: қант мөлшерін бір күнде қалпына келтіретін ем бар

6
52 733

Қант диабетінен зардап шегіп жүрген жандарға дәрі ішпей-ақ қант мөлшерін қалпына келтіретін халықтық ем түрлері бар.


ҚАНТ ДИАБЕТІ: қант мөлшерін бір күнде қалпына келтіретін ем бар

сурет:dsd3rmhotmx78.cloudfront.net

Диабет – қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте ауыр өтеді.


Қант диабетінің белгілері

  • шөлдеу (науқас тәулігіне 3-5 л, одан да көп су ішуі мүмкін);
  • кіші дәретке жиі шығу (күндіз де, түнде де);
  • ауыздың құрғауы;
  • әлсіздік;
  • тәбеттің күшті болуы;
  • терінің қышуы (әйелдерде жыныс мүшелерінің жан-жағы);
  • ұйқының қанбауы;
  • ұйқыдан шаршап тұру;
  • жараның ұзақ уақыт жазылмауы;
  • тез салмақ тастау немесе тым көп салмақ қосу.

Осындай белгілерді байқасаңыз, дереу дәрігерге тексеріліңіз. Аурудың асқынуына жол бермеңіз.


14-қараша – Дүние жүзілік диабетпен күресу күні. Атаулы күнге орай қант диабетінен зардап шегіп жүрген науқастарға дәрі ішпей-ақ қант мөлшерін қалпына келтіретін халықтық ем түрлерін ұсынамыз.


сурет:krsk.kp.ru

  • Күнде көкөністен дайындалған салат жеуді әдетке айналдырыңыз. Салатқа 1 шай қасық қыша немесе қыша майын араластыруды ұмытпаңыз.
  • 200 гр. емен жаңғағын қабығынан тазартып, жақсылап кептіріңіз. Сосын мұқият ұнтақтап алып, тамақтанудан алдын 1 шай қасықтан қабылдайсыз.
  • 100 мл қайнаған суға 5 дана кептірілген лавр жапырағын салып, бетін жауып қойыңыз. Бір тәуліктен соң тұнбаны сүзіп алып, 50 грамнан ішесіз. Емді тамақтанудан 20 минут бұрын жүргізу керек.
  • Грек жаңғағының жапырағын теріп алып кептіріңіз. Әбден кепкен кезде жақсылап ұнтақтайсыз. Оның 2 ас қасығын 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 3 рет ішесіз.
  • 5 дана көк пияздың басын майдалап турайсыз. Оған 1 литр қайнаған жылы су құйып, тұндырып қоясыз. 12 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, тамақтан алдын 4 ас қасық қабылдайсыз. Емді күніне 2 рет жүргізу керек.
  • 1 дана шикі жұмыртқаны жарып ыдысқа саласыз. Үстіне 1 дана лимон шырынын қосу керек. Сосын жақсылап көпіршітіп алып, ашқарынға ішесіз. Артынан 1 сағатқа дейін ештеме ішіп-жеуге болмайды. Бұл ем қант мөлшерін 3-5 күнге дейін қалыпты ұстап тұрады.
  • 1/2 стақан сұлының үстіне 3 стақан қайнаған суға құйып, ыдысымен ыстық суға саласыз. 15 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1/2 стақаннан күніне 3-4 рет ішесіз. Емді тамақтан алдын жүргізу керек. Емделу мерзімі – 30 күн.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

Жүктілік кезіндегі іштің кебуін емдейтін әдістер

Қан қысымыңыз төмендегенде тіліңіздің астына тұз тастаңыз

Тұмаумен ауырмаудың 5 құпиясы