​Мұрыннан аққан су бір күнде тыйылады

0
76 205

Мұрныңыздан су ағып маза бермесе, 1 күнде 3 рет төмендегі ем түрінің бірін жасап көріңіз.


​Мұрыннан аққан су бір күнде тыйылады

сурет:stoprinit.ru

Халық емінің бұл түрлері мұрыннан ағатын суды ұзағымен 3 күнде тоқтата алады. Әрі науқастың жағдайын жақсартып, тұмауды емдейді.


  • Тұз қосылған қырмызы тұнбасы

1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз бен 0,5 шай қасық қырмызыгүл (календула) араластырып, тұндырып қойыңыз. 15-20 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, шприцтің немесе дәрітамызғыштың көмегімен мұрныңызға кезек-кезек тамызасыз. Бұл тұнба тыныс алу мүшесіндегі барлық бактериялар мен микробтарды өлтіріп, тезірек жазылуға септігін тигізеді.

сурет:otolaryngologist.ru
  • Йод пен сода араласпасы

Егер біраз уақыттан бері мұрныңыздан аққан су тыйылмай жүрсе, онда 1 стақан суға 1 шай қасық тұз, 1 шай қасық ас содасы мен 5 тамшы йод араластырыңыз. Осы тұнбамен мұрныңызды шайсаңыз, ұзағымен 2 күнде оң нәтижесін көресіз.

Тіпті, бұл сұйықтықтың гайморитті де емдейтінінін біле жүріңіз.


  • Сабын да көмектеседі

Ол үшін саусағыңызды жақсылап сабындап алып, мұрныңыздың ішін жуыңыз. Бұны күніне 3 рет жасасаңыз, түнде тыныш ұйықтайтыныңызға сеніңіз.


  • Қыша қағазы

Табаныңызға қыша қағазын жабыстырып қойыңыз немесе құрғақ қышаны шұлығыңыздың ішіне салып жүрсеңіз, бойыңыздағы суық кетеді. 1-2 күнде тұмаудан да жазыласыз. Бас ауырғаны басылып, мұрыннан аққан су тоқтайды.

Қиындық тудырмаса қатарынан 3 күн қыша бұлауын жасаңыз. Ол үшін шараға қайнатылған қамжылы су құйып, қыша араластырасыз. Сосын су салқындағанша аяғыңызды салып отырыңыз.


  • Пияз


фото:en.postila.io

1. Ылғалды қағазға үгілген пиязды орап, мұрныңыздың екі шетіне қоясыз. Сыртынан құрғақ орамал жауып 15 минуттай жатасыз. Емді күніне 3-4 рет қайталасаңыз, ауруыңыздан әп-сәтте -ақ жазыласыз.

2. Дәкені жіңішке етіп орап, пияздың сөліне малып аласыз. Сосын мұрныңыздың ішіне қойып, 5-10 минут жата тұрыңыз.

3. 1:3 немесе 1:6 көлемде су мен пияз сөлін араластырып, мұрныңызға тамызыңыз. Бұл ем де өз кезегінде айтарлықтай көмектеседі.


  • Сарымсақ пен ақжелкек

1. Бас пиязды, сарымсақты, ақжелкекті ұсақтап турап, шыны ыдысқа саласыз. Қақпағын мықтап жауып қойыңыз. Қолыңыз қалт еткенде ыдыстың қақпағын ашып, мұрныңызбен иіскеңіз.

Бұл ем тұмау ауруы белең алған кезде өте пайдалы болмақ.

2. Сарымсақтың ірірек бір тісшесін 3 бөлікке бөлесіз. Бір бөлігімен мұрыныңыздың сыртқы айналасын сүртесіз, ал қалған екеуін танауыңызға қойыңыз. Ем кезінде мұрынмен емес аузыңызбен дем алуға тура келеді.


  • Бал мен қызылша

1/3 шай қасық сұйық балға десерт қасығымен су және 1 ас қасық қызылша шырынын араластырыңыз. Дайын болған қоспаны әр 2 сағат сайын 7 тамшыдан мұрныңызға тамызасыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

ҚАНТ ДИАБЕТІ: қант мөлшерін бір күнде қалпына келтіретін ем бар

Жүктілік кезіндегі іштің кебуін емдейтін әдістер