«1 тойдан 1,5 млн теңге аламын»: «Жылтыр көйлек» әнінің орындаушысы табысын жайып салды

0
1 546

«Жылтыр көйлек» әнін 80 мың теңгеге сатып алдым»


«1 тойдан 1,5 млн теңге аламын»: «Жылтыр көйлек» әнінің орындаушысы табысын жайып салды

Хитке айналған «Жылтыр көйлек», «Аппақ көйлек» әндерінің орындаушысы Еркебұлан Құмаров «1001 түн» бағдарламасында қанша табыс тауып жүргенін айтты.


«Жылтыр көйлек» әнінен кейін гонорарым өсті. Шүкір. 1 тойда 1,5 млн теңге аламын. Келісімге қарай ғой», - деп ағынан жарылды ол.



– Жеке кәсіпкер ретінде салық төлейсіз бе?

– Жоқ.

– Продюсеріңіз бар ма?

– Продюсерім жоқ. Ағам администраторым әрі директорым.

– «Жылтыр көйлек» әні қанша теңгеге түсті?

– Әні де, сөзі де 80 мың теңгеге келді. Ол кезде маған бірақ қымбат болды. 2021 жылы филармонияда жұмыс істеймін, қосымша вокалдан сабақ беретінмін. Сол сабақтың үстінде келді. Бірақ, бұл әннің хит болатынын білмедім, - деді хит әндердің орындаушысы.

Бұл сұхбатты көрген көрермендерге бір тойдан қыруар қаржы алатын әншінің салық төлемейтіні ерсі көрінген сыңайлы.

«Салық комитеті кедей халықтан жыра бермей, әншілерге неге салық салмайды?», «1,5 миллион, масқарааа!», «Осы әншілер неге салық төлемейді? Шеттерінен шіріген бай», «Салық төлемеген соң не керек? Осыдан кейін біздің әншілер Түркияда той жасамай қайтсін? Ақшалары тасып бара жатыр ғой» деп жазып жатыр.