Продюсер жарнамасына блогердің түсуін қалаған.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Танымал блогер Әсел Асқар продюсер Гүлзира Айдарбековадан құнды сыйлық алғанын көрсетті, деп жазады stan.kz.
Продюсер жарнамасына блогердің түсуін қалаған.
“Жұмыс нөмеріме Гүлзира ханым хабарласты. Қуанып кеттім. “Әсел, сен қазір ең үздік блогер екенсің. Сені маған продюсерім мақтап жатыр. Мені қолдап, видеома түсіп берші” деді. Бірден келісе кеттім. Гүлзира ханым өзі еңбекқор адам болған соң, менің жұмысымды құнсыздандырмай бағамды сұрады. Мен ақша алмайтынымды айттым. Батасын беріп, риза болды”, – деп жазды Әсел.
Одан кейін блогер продюсер тарапынан ерекше сыйлыққа ие болғанын жасырмады.
“Мен өз басым жұмысыма адалмын. Жауапкершілігім бар. Жұмысқа ерте барып, Гүлзира ханыммен шай ішіп, түсірілімге ерте барып жүрдім. Бір кезде маған 10 грамм гауһартасы бар әшекей бұйым сыйлады. Мұндай қымбат сыйлық күтпегесін абдырап қалдым. Біреуден сыйлық дәмететіндей адам емеспін. Шыны керек қатты ұялдым. Бізде бәрі шын жүректен жасалды. Гүл әпкемнің қолын қайтармадым. Мәселе алтында емес, оның бағасында емес, сыйластық бірінші орында. Бұл да екінің біріне бұйырмайтын нәрсе”, – деп жазды блогер.