«Адамдар күйеуім туралы сұрай береді»: Мадина Сәдуақасова ажырасуы туралы қауесетке жауап берді

0
2 531

«Халыққа біздің шығармашылығымыздан гөрі жеке өміріміз қызық»


«Адамдар күйеуім туралы сұрай береді»: Мадина Сәдуақасова ажырасуы туралы қауесетке жауап берді

Әншінің жеке өмірі туралы өсек пен әңгіме оның әншілік мансабының қай кезінде де айтылып келеді. Бірде тыңдармандары өнер иесін біреумен «қосып» қойса, енді бірденеліктен тұрмыс құрмай жүргеніне бас қатырды. Бұл гу-гу әңгіме Мадина Сәдуақасова Олжас Смағұловқа заңды түрде күйеуге шыққанда да толастамады. Әнші сондай өсек-аяңдарға harpersbazaar.kz порталында жауап берді.


«Осыдан 8 жыл бұрын мен тұрмысқа шыққанда «Мадина Сәдуақасова күйеуге шығып жатыр, күйеуі өзінен 7 жас кіші екен, режиссер екен» деп шулады. Мен бүткіл БАҚ-ты заңды некелесуімізге арнайы шақырдым. Сол кезде жолдасым соншалық назардан шошыған болатын. Сөйтіп ол жеке өмірімізді көпшілікке көрсетуді қаламайтынын айтты. Сондықтан да мен көпшілікке жеке өмірімді көрсете бермеймін», - дейді Мадина.


Алайда кейде тыңдармандардың қызығушылығы дені сау адамның тірлігінен алшақтау көрініп кетеді. Сол үшін Мадина отбасын екінші орынға қойып, тек мансабымен айналысқан әртістер туралы ертегіні қайта-қайта еске түсіріп жүретінге ұқсайды. Әнші сондай сәттерде барлығын керісінше істеп, көптің алдында бәрін жайып салғысы келетінін мойындайды. Алайда күйеуінің өтініші мен тілегін орындамасына тағы болмайды.

«Шынымды айтсам, біз жолдасым, балам үшеуміз жиі серуендейміз. Мен ол сәттердің барлығын Instagram-да көрсете бермеймін.Тек шетелдерде демалған кезде ғана барлығын түсіремін. Алайда, күйеуім телефонды тастап, сол сәттен ләззат алуға шақырады. Тек түсіргенімді ұнатпайды. Дегенмен, мен қаншалықты бақытты екенімізді көрсеткім келіп тұрады», - дейді әнші

Мадина Сәдуақасова ел-жұрт оның жеке өмірінен гөрі шығармашылығына солай қызықса деп әзілдейді. Кейде оқырмандардың әңгімелері шектен шығып кетеді. Тіпті, әншіні күйеуімен ажырастырып тастаған қауесеттер не тұрады десеңізші?! Кейбір адамдар әншінің өзінен күйеуімен арақатынасы туралы бетпе-бет сұрайтын көрінеді.

«Біз ел алдында жүрген өнер адамы болғаннан кейін біз туралы әңгімелейді, түрлі өсектер таратады. Халыққа біздің шығармашылығымыздан гөрі жеке өміріміз қызық. Және біз Олжас екеуміздің ажырасқанымыз туралы да оларға қызық. Арасында кейбір адамдар біздің ажырасқанымыз туралы жазып алып, бір күннен кейін түк болмағандай күйеуім туралы сұрақтар қояды. Мұның бәрі қызық, әрине. Алайда, мен бәріне үйрендім. Мен бізде бәрі жақсы екенін және ешқандай мәселе болмағанын айтқым келеді, - деді ол.

Мадинаның ойынша, барлық болып жатқан құбылыстарды әлеуметтік желіде қалыптасқан жаңа үрдіспен байланыстырады. Енді адамдар еш ойланбастан өз ойын жаза беретін болды. Сондықтан айналамызда сын, өсек-аяң, негізсіз айыптаулар көбейген.

«Осыдан 20 жыл бұрын «Жас қанат» байқауына қатысқан кезде мен сахнаға қысқа белдемшемен шыққан болатынмын. Алайда, сол кезде ол туралы ешкімнің жұмысы болмады. Тіпті, қазылар алқасы да менің образыма, ашық киінгеніме мән бермеді. Бәрі жақсы еді. Ал қазір халыққа біздің әрбір басқан қадамымыз қызық: біз не киеміз, не жейміз, не ішеміз, кіммен өмір сүреміз. Бәлкім, мұның бәрі уақыттың талабы шығар. Бірақ, бәріне бірдей жағу мүмкін емес», - деп қорытындылады әнші.