Алматыдағы қазақ отбасы Дженнифер Лопестің қызметкерін үйіне шақырып, көк пакетке сарқыт салып берген (ВИДЕО)

0
118

Пастор Фанк қазақ отбасының үйінде шәй ішіп, оларға өнер көрсеткен.


Алматыдағы қазақ отбасы Дженнифер Лопестің қызметкерін үйіне шақырып, көк пакетке сарқыт салып берген (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Күні кеше супермега жұлдыз Дженнифер Лопес Алматыда концерт берді. Осы іс-сапары аясында әншінің бас гитаристі қазақ отбасының үйіне қонаққа келіп, кетерінде сарқыт ала кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл видеоны әлеуметтік желіге Бота есімді келіншек жүктеген. Оның айтуынша, жиені Қайсар Дженнифер Лопестің командасы тоқтаған қонақ үйдің жанында баскетбол ойнап жүріп, бас гитарист Пастор Фанкпен сөйлесіп, әңгіме жарастырған.

«Қайсар оны үйге қонаққа шақырған екен, ол расымен үйімізге келіп, қонақ болды. Қатты таң қалдық. Кетерінде құр қол жібере алмай сарқыт салып жібердік», - деп жазған Бота.

Қазір қазақстандықтар бұл видеоны таратып, әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Танымал әртістің қарапайымдылығына сүйсінген қазақстандықтар оның өнеріне ықылас танытып, рақмет айтып жатыр.