Әнші Бүркітке мәрмәр тастан ескерткіш орнатты (видео)

0
2 647

Әнші өзінің еңбегі еленіп, осындай жетістікке ие болғаны үшін Жамбыл облысының әкіміне және жерлестеріне шексіз алғысын білдірген.


Әнші Бүркітке мәрмәр тастан ескерткіш орнатты (видео)

Жамбыл облысындағы мәдениет сарайы алдында жаңадан ашылған "Әуендер әлемі" аллеясында, "Бүркіт" лақап атымен танымал әнші Айбекке жерлестері мәрмәр тасқа қашалып есімі жазылған ескерткіш орнатқан. Бұл туралы өнер иесінің өзі әлеуметтік желіде хабарлаған.

Әнші өзінің еңбегі еленіп, осындай жетістікке ие болғаны үшін Жамбыл облысының әкіміне және жерлестеріне шексіз алғысын білдірген. Бүркіт өзіне арналған ескерткіш алдында видео түсіріп, ел алдында басын иген.

"Ассаламағалейкум, құрметті достар, бауырлар. Бүгін Тараз қаласына келіп, қуанышым қойныма сыймай тұр. Мәдениет сарайының алдында "Әуендер аллеясы" ашылып, мәрмәр тасқа аты-жөнім жазылып қойған екен. Осындай көрсетіп жатқан құрметтеріңіз үшін Жамбыл облысының әкімдігіне, облыс әкімі Асқар Мырзахметовке алғыс айтамын. Сонымен қатар, барша Тараз тұрғындарына алғысым шексіз. Басымды иемін" , - деді видеода Бүркіт.

Алайда видеоны көрген желі қолданушылары кері пікір білдіріп, әншіні сынның астына алған.

«Тірі адамға тастан ескерткіш орнатқан біртүрлі екен», «Мен осы түсінбеймін. Қандай еңбек жасады Таразға? Нені қатырды? Бір үлкен жұмыс бітіргендей ескерткіш қойыпты. Балалар үйін салып берсе, қарттар үйін тұрғызса немесе үлкен бір мектеп ашса бір жөн" , - деп жазған.

Желі қолданушылары арасында өнер иесін шын жүректен құттықтағандар да кездеседі.

«Біздің мақтанышымыз! Аман болыңыздар! Бауырым, сен лайықсың, құттықтаймын!, "Мақтан тұтамыз! », – деп жазған.

Бұл жаңалықтан хабардар болған Бүркіттің өнердегі әріптестері де өздерінің ізгі-тілектерін жолдап, әншіні құттықтаған.

ERNUR.KZ