Асылбек Боранбаев: "Әйелімнің ұлты - ұйғыр"

0
1 624

"Жұбайдан жолы болған жігіттердің бірімін" - дейді актер.


Асылбек Боранбаев:

"Тамаша" арқылы елге таныс, кино және театр актері Асылбек Боранбаев сұқбат беріп, жеке өміріндегі көпшілік біле бермейтін сырларымен бөлісті.

Актердің айтуынша, оның жары қазақ емес, ұйғыр екен. Бұл туралы ол: "Бір көрген кезде, шынын айту керек, жүрегімде жылы сезім пайда болды. Шынын айту керек, жұбайымды әлі күнге дейін 18 жастағы қыз сияқты алақанда аялап, қадірлеп, құрметтеймін. Жұбайдан жолы болған жігіттердің бірімін. Өйткені менің мінезіме, менің жұмысыма және әртістік өміріме шыдайтын бір адам болса, осы жұбайым шығар. Ұлты қазақ емес, ұлты - ұйғыр. Шешесі - қазақ. Отбасымен барлығы қазақша сөйлейді. Әйелім қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген", - дейді.

Бұл бағдарламада әйелі туралы айтқан видеосы желіде кең тарап, қызу талқыға түсуде. Көпшілік махаббат ештеңеге қарамайды деп, актердің сезіміне құрмет көрсетуде.