«Ат пен таққа мінсе, сыртыңнан даттайтындар көп»: Бекжан Тұрыс айналасындағы екіжүзділерге ренішін білдірді

0
1 408

«Тозбас өмір, таймас бақ жоқ!»


«Ат пен таққа мінсе, сыртыңнан даттайтындар көп»: Бекжан Тұрыс айналасындағы екіжүзділерге ренішін білдірді

Атақты актер Бекжан Тұрыс «Кеше ғана кішіпейілділік танытып сәлемдесіп, ағалап жүргендер біразы елге танымал бола бастап еді, сені көрсе де көрмегендей болып, қарауға ерініп, жаныңнан өте шығатын болды» деп айналасындағы адамдардың екіжүзділігіне қатысты өткір жазба жариялады. Өнер иесі өз жазбасында бүгінгі қоғамның боямасыз өмірін, адамдардың лезде өзгеріп шыға келуін әдемі жеткізген.


Желідегілер Бекжан Тұрыстың пікірін қолдап пікір жазды.

«Тура, тауып айттыңыз... Менің таусылмас тақырыбым... Аман болыңыз», «Орынды сөз… расымен кем дүние…», «Өткен күн елес, Келер күн жұмбак. Әдемі айттыңыз», «Рухани кедейлік», «Сіздей адамдардың барына шүкір» деген сияқты комментарийлерді оқуға болады.