"Бәрін құртты": Танымал әнші өзінің қызбен танысуына Айгүл Иманбаева кедергі жасағанын айтты

0
5 751

"Сол жерде абыройдың бәрі кетті" - дейді әншінің өзі.


Танымал әнші Еркеш Хасен "Қызық times" бағдарламасында қонақта болып, өзінің қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Жас әншінің қызбен танысуына бір рет Айгүл Иманбаева кедергі келтірген. Бұл туралы өзі "Біздің түр, қырық жасқа келсең де "Айгөлек" сияқты. Баяғыда студент кезімде, бір қызбен танысайыншы дедім. Студенттер сарайында дайындықта ұнап жүрген. Өзімше танысайын деп, қолыма шоколад алып алдым өзімше. Сөйлесіп тұрмыз, екеумізде енді әңгімеге кіріп жатқан едік. Бір шеттен Айгүл Иманбаева апайым кіріп келді. Ол кісі мені "Айгөлек" кезінен таниды ғой, көрді де "Окасөна папасө" деп еркелетті. Ана жерді бүкіл абырой кетті ғой. Күліп тұрған қыз, бірден бұрылды да кетіп қалды. Кейін Академияда көргенде де менсінбей өтетін" дейді.

Бірақ қазір ол қызды білмейтінін, тіпті атын да ұмытып қалғанын жасырмады. Қазір отбасылы Еркеш жарына адал екенін, қызы дүниеге келгесін өмірінде көп өзгерістер болғанын айтты.

Әншінің бұл видеосы желіде тез тарап, тірлі пікірлер айтылуда.