«Басыңа күн туғанда достар қашады»: Мақпал Жүнісова концертте жан сырын ақтарып, ағынан жарылды (ВИДЕО)

0
362

​Ол адал достықтың сырын айтты.


«Басыңа күн туғанда достар қашады»: Мақпал Жүнісова концертте жан сырын ақтарып, ағынан жарылды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

ERNUR.KZ. Әнші Мақпал Жүнісова «Достарым» атты жаңа әнінің тұсауын кесті. Концерт барысында өнер иесі өз өміріндегі достық туралы ойын айтып, ағынан жарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жылдар өте достардың қатары сирейді екен. Оның сырын кейде түсінемін, кейде түсінбей қаламын. Басыңа күн туғанда достар қашып кетеді екен де, қасыңда әкім жолдасың болса, бәрі жетіп келеді екен. Оны да түсіндім. Сондықтан қиындықта да, қуанышта да достарыңыз адал болып, жандарыңыздан табылсын», - деді әнші ән кешінде.

Мақпал Жүнісованың бұл сөзі әлеуметтік желіде кең тарап, халық арасында түрлі пікір тудырды.