​«Басынан айналдырып, бір түкіріп беретін»: Нұрлан имам садақаға 500 теңге алған кезін есіне алды

0
1 244

«Қолым ұйып, ұйықтай алмай қалатынмын»


​«Басынан айналдырып, бір түкіріп беретін»: Нұрлан имам садақаға 500 теңге алған кезін есіне алды

Желі жұлдызына айналған Нұрлан имам садақа беруге қатысты қызықты оқиғасымен бөлісті. Айтуынша, кезінде өзіне бір адам тұрақты түрде садақа беріп тұрған көрінеді.


«Баяғыда бір кісі бар еді, әлі де бар ғой. Ол кезде Әл-Фарабидің суреті салынған 200 теңгелік қағаз ақша бар еді. Бірақ ол кісінің жағдайы жақсы, байсымақ кісі ғой, 500 теңге беретін. Садақа бергенде қалтасынан ақшаны шығарып, оны басын айналдыра отырып «Ауру, шын, жын, көз, сиқыр, бәле-жала, ненармальный дүние, бәрі осымен кетсін!» деп ақшаға бір түкіріп, «Мә, Молдеке!» деп қолыма ұстататын.


Әлгі ақшаны алғанша қалтырап, амалсыздан беріп тұрған соң алатынбыз. Сол күні қолым ұйып, ұйықтай алмай қалатынмын. Мен тағы ол кісінің айтқанын қысқартып айтып тұрмын, онікі көп енді, СПИД-ті қоспайды, қалға аурудың бәрі бар. Тағы ол ақшаны сағат тіліне қарсы бағытта айналдыратын. Сол ақшаны басқа ақшадан бөлек қойғым келетін, бәлесі жұғып кетпесінші деп. Алдық, амал жоқ қой, беріп тұрған соң қолын қайтара алмайсың», - деді Нұрлан Имам.


Желі қолданушылары имамның оқиғасына пікір білдірді.


«Құдай сақтасын, үстіне 500 теңге қосып өзіне ұстатып жіберу керек еді», «Біреуге бір тиын берсең де жақсы ниетпен беру керек қой», «Нұрлан имам негізі Тамашада ойнайтын әртіс болуы керек еді», «Соншалықты садақаға мұқтаж адам болғансыз ба?», «Нұрлан имамның әр видеосына күлу үшін кіреміз, позитивке толы», «Алмау керек ондайды», «Адамдардың пейілі мен ниетіне не болған» деп жазды көпшілік.