«Ебін тапса қаладан да үй алуға болады»
ҚР еңбек сіңірген әртісі, белгілі эстарада әншісі Майра Ілиясова «Айтарым бар» бағдарламасында баспаналы болуға қатысты ойымен бөлісті.
«Қазір жас мамандарды «Үй береміз, келе салып үйге кіріп кетесіздер» деп шақырып жатыр ғой. Ал қалаға келгеннен кейін жұмыс көп. Ебін тапса, қаладан үй алып, орнын тауып кетуге болады. Мен екі бөлмелі пәтерді сатып алып, бір бөлмесінде қысылып өздері тұрады, екінші бөлмесіне қыздар алып тұрған отбасыларды да көрдім. Сонымен пәтерінің ақысын шығарып отырды. Бұл енді адамның ойына келмейтін нәрсе ғой. Сондықтан, бұл адамның өзіне байланысты. Жалпы, біз қазақ жалқаумыз. Өзбектер күні бойы жерді шұқылап, тынбайды. Ал жер деген нағыз ақшаның көзі. Мысалы, біз институтты 14 адам бітірдік, сол 14-іміз 14 түрлі жағдайда өмір сүреміз», - дейді өнер иесі.