"Бұл әннің барын ұмытып кетіппін": Композитор Арман Қайназаров туралы айтқан Қарақат Әбілдина сынға қалды

0
6 336

Әнші өнер адамдарының әлемі бөлек, жан-дүниесі нәзік, сынып кетуге бейім тұратынын айтады.


Соңғы уақытта желіде композитор Арман Қайназаровтың ішкілікке салынып кеткені туралы ақпарат көп тарады. Оның танымал әншілерге де ән жазғанын айтқан еді, солардың бірі - Қарақат Әбілдина.

Жақында әнші бұл тақырыпқа қатысты өзінің ойын әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Айтуынша, ол композиторды өмірде жеке танымайды.

Қарақат Әбілдина: "Журналистер хабарласып ақын-композитор Арман Қайназаров жөнінде сұхбат алғысы келетіндерін айтты. “Қыдырәлі мен Қарақат әнімді орындайды “ деген сөзін біз де әлеуметтік желілерден естіп білдік.
Бұл кісіні жеке танымайды екенбіз. Әнін телефон арқылы ұсынып, жарыққа шығарсаңыздар деген тілегін білдірді. Қыдекеңнің концертіне дайындалып жүрген кез болатын, сөзін соған лайықтап @aidyn_nury -жазып, “Жанымау” деген атпен алғаш рет “Ұлытау ұлы” концертінде орындап шықтым.
Оған да 5 жыл өткен екен. Сөйтіп қандай ән болды екен деп, архивті ақтарып отырып тауып өздеріңізбен бөлісіп отырмын. Репертуарымда бұл әннің барын ұмытып та кетіппін, жиі орындамағаннан кейін шығар. Талғамы жоғары тыңдармандарымның көңілінен шығып жатса неге орындамасқа?! Біршама әншіге ән жазған екен, осындай хәлге түскені өкінішті… Өнер адамдары сезімтал, жүрекке жақын алғыш, көңілшек келеді ғой. Әлемі бөлек, жан-дүниесі нәзік, сынып кетуге бейім тұрады.

Қу арақ кімнің түбіне жетпеген ?! Қарап отырып жүрегің ауырады. Шын… Қаншама отбасы осы шайтансудың шатағынан шайқалып жатыр. Жаратқан жар болып, пенделерін адастырмай, тура жолға салса екен"


Бірақ әншінің бұл жазбасы желідегілердің шамына тиген сияқты, олар өзі орындайтын әнді өзі ұмытып қалған Қарақат Әбілдинаға реніштерін жазыпты.

Мысалы бірі "Қазақстандық әншілерге шынымен жыным келеді, жаным ашиды сондай түсініктері таяз, кеуделі, тәкәппар, өтірік тв да қарапайым болып көрінетіндей сықсиып тұрады. Не сөз енді Ұмытып та кетіппін деген? Сол үшінде тыңдамаймын да, көрмеймін де. Егер сол әннің авторы мұндай күйде емес, мықты бір танымал болып кетсе Арекем жақсы адамым деп пост жазушы еді ... Масқаралық" десе, енді "Сонда орындаған әндеріңіздің компазиторын кім екенін білмейсіз бе?" деген ойларын жазған.