"Былғанған" актерларды қабылдамаймын!: Ермек Тұрсынов ерекше мәлімдеме жасады

0
2 123

Режиссер кастингке келген актерларға қояр басты талабы бар екенін айтты.


ERNUR.KZ. Туындыларының санынан гөрі, сапасына көбірек мән беретін Ермек Тұрсынов көптен күткен кезекті «Шырақшы» картинасының тұсауын кесті. Фильмнің премьерасында, режиссерды қолдауға келген зиялылардың қарасы мол. Соның бірі - қызы Мадинаны ерте келген Олжас Сүлейменов болды, деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасы.

Еске салсақ, су жаңа туындының әлемдік тұсаукесері Шанхай халықаралық кинофестивалі аясында өткенін еді. Лентаның сюжеті соғыстан оралған қазақстандық сарбаздың оқиғасын баяндайды.

Фильмде басты рөл Мұратжан Мұқажановқа бұйырған. Үлкен киноға дебют алған қария кейіпкерінің ойдағыдай шығуы үшін біраз тер төккен.

- Сценарий бойынша ол кісі велосипед айдайды ғой. Велосипед айдайтын кісіге онша ұқсамайды. Соны біз басында біраз қинадық. Мұрат аға молодец, шыдап шықты. Екі аптаның ішінде алты емес, он килограмм тастап келді, - дейді режиссер Ермек Тұрсынов.

Кезінде Ерболат Тоғызақовтың бағын жаққан режиссер кастингке келген актерларға қояр басты талабы бар екенін айтып қалды.

- Мен кастинг басталғанда ең басты нәрсе осы. Сен біздің киноларға қатыстың ба, арзан киноларға түстің ба? Былғанып қалдың ба? Онда маған өте алмайсың, - деді режиссер.

Осылайша, Ермек Тұрсынов үлкен экрандарға жол тартып жатқан отандық фильмдерді «лас дүниеге» балады. Режиссер «киногерсымақтардың туындыларын 5 минуттан артық көре алмаймын» дейді.

-Қазір шығып жатқан арзан кинолар, комедия дейміз, ол комедия емес, бұл кино деп те ауыз толтырып айта алмайсыз, бұл мазақ. КВН-да ойнағандай бәрі кино түсіргіш болды, той-бизнесте жүргендердің бәрі кинотүсіргіш болды, сондықтан осы шығып жатқан кинолардың 90 пайызы мен кино деп айта алмаймын, - дейді режиссер.

Алайда, талабы қатал, талғампаз режиссердың құрметтейтін әріптестері де жоқ емес.

- Біздерде дарынды жастар көп, Айдын Сахаман деген режиссер бар. Серік Өтепберген деген режиссер бар. Жанат Алшанова. Айта берсең, тізбектей берсең өте көп. Олардың аттары бірте-бірте шыға бастады. Әділхан Ержанов, Эмир Байғазин, - дейді Ермек Тұрсынов.