Ерке Есмаханның сіңілісі тұрмысқа шықты

0
1 202

Оны әнші Тамара Асар ұзатты.


Ерке Есмаханның сіңілісі тұрмысқа шықты

Белгілі әнші Ерке Есмаханның сіңілісі Ақмарал Есмахан ұзатылды. Бұл жаңалықты желі қолданушыларына Тамара Асар айтты.

Тамара Асар: "Ат айналып қазығын табар дегендей, @erik.akmaral деген аппақ қыз Ақтөбеге өз туған жеріне жол тартты. @erke_esmahan жанында әр концертте көріп қалған сайын маған: “Тамара апа, мені сіз ұзатасыз” -деп айта беретін. Міне періште әумин деген ғой, шынымен де мен ұзаттым. Жақсы сөз айта берейік орындалады…

Ақмаралдың жолы болсын,таңдаған азаматымен, барған әулетімен бақытты болсын".


Бұл видеоны көрген желі қолданушылары оған бақыт тілеп, жақсы тілектерін жаудыруда. Бірақ Ақмарал Есмахан да, оның әпкесі Ерке Есмахан да желіге тойдан жазба жарияламады.