​«Қағаз толтырып мазамды қашырды»: Мөлдір Әуелбекованың денсаулығы күрт нашарлап кетті

0
3 033

«Дарылдаған көліктерімен қаланың арғы басына апарды»


​«Қағаз толтырып мазамды қашырды»: Мөлдір Әуелбекованың денсаулығы күрт нашарлап кетті

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекованың денсаулығы күрт нашарлап, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы әншінің өзі «Инстаграм» парақшасында жазды.


Алматы көшелерінде көлік айдап келе жатқан өнер иесі кенет өзін нашар сезінген. Қасында отырған әпкесі Меруерт Әуелбекова дереу «Жедел жәрдем» қызметіне телефон соғып, дәрігер шақыртқан.


«Халім күрт нашарлап, сасқалақтап қалдық. Дәрігерлер тез жетті. Дереу медициналық орталықтарына апарып, бүкіл анализді тапсыртып, флюрографияға түсіріп, дәрі егіп берді. Ем-домымды алып, үйге риза болып қайттым.


Былтыр бүйректен приступ ұстап, «103» телефонына хабарласып, оларды бір жарым сағат күткем. Олар келіп, көмек көрсетудің орнына, отырып, асықпай қағаз толтырып, мазамды қашырды. Одан қалсын, «ауруханаға жатқызбасақ болмайды» деп, қаланың арғы басындағы, менің мекен-жайыма қатысы жоқ ауруханаға 1 сағат дарылдап, зорға жүретін көліктерімен апарды.


Ол жаққа жетіп, тағы 30 минут қағаз толтырдық. Есесіне, апарған ауруханаларының жағдайы тым нашар. Мен өзім «басқа жерге барып емделемін» деп, уколымды алып, қолхат жазып, кетіп қалдым. Қатты ауырғаным сонша, есімде қатты сақталыпты. Сол кезде ерінбей жекеменшік «жедел жәрдем» қызметін іздеп, нөмірін сақтап қойып едім. Бүгін солар сапалы қызмет көрсетті. Сақ болыңыздар, сау болыңыздар», - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.