Қайрат Нұртастың жағажайдағы "біртүрлі" әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр (видео)

0
3 908

Оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.


Қайрат Нұртастың жағажайдағы

Қайрат Нұртас биыл шетелде емес, өз Отанында демалды. 10 күн бойы отбасымен Ақтау қаласында, Каспий теңізінің жағалауында демалған әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қызықты сәттерінен суреттер мен видео жүктеп отырды. Сондай видеоларының бірі желіде қызу талқыға түсті. Онда шоу-бизнес жұлдызының "біртүрлі" әрекеті түсіп қалған.


Видео жағажайда түсірілген. Құмға көмілген ұлы Нарұлдың қасында отырған әнші "біртүрлі" сілкінген. Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетінің сырын білмей әлекке түсті. Олар Қайраттың қылығын қызу талқылап, тіпті кейбірі оны айыптаған.



Видеоға қатысты пікір білдірушілердің көпшілігі әншіні денесі тітіркенген деп жазған. Ал кейбірі мас болуы мүмкін деп жорамалдады.


"Өзіміз де солай тітіркенеміз ғой", "Судан шыққанда адамның денесі солай тітркенеді", "Мас екені түрінен көрініп тұр", "Ішпеген шығар, бала-шағасымен бірге жүр ғой","Анасының қасында ішпейтін шығар", "Баласының киімін шешкеніне қарағанда ішкенге ұқсайды", - деп жазуда олар Instagram желісінде.


Түрлі пікірлер арасында Қайрат Нұртастың баласының орысша сөйлегенін сынағандар да табылды. Сонымен қатар, баласын құмға көмген өнер иесінің әрекетін жаман ырымға балағандар да бар.