"Деніміздің саулығынан артық құндылық көріп тұрғаным жоқ".
Соңғы кезде танымал адамдардың өзге мемлекетке кетіп, сонда өмір сүруі жиілеп кетті. Жақында желіде оқырмандар Қыдырәлі мен Қарақаттың да Түркиядан үй алғанын айтып, біршама пікірлер айтқан еді.
Оған Қарақат ханым өз жауабын желіде жазды. Онда әнші "Осы жақта қалуымызға басты себеп ТЕҢІЗ, КҮН! Теңізден бөлінетін пайдалы минералдар жанға дауа,дертке шипа. "Д"дәруменін де адам күннен алады,сондықтан балаларымыздың денсаулығы үшін осында бола тұрайық деп шештік.Денсаулықтан қымбат не бар?! Ұзақ уақыт үйден шықпай отырғаннан шыны керек бала түгіл өзіміз де бастырылып қалдық. Сөйтіп отырғанда достарымыз шақырып, ойламаған жерден Түркиядан бірақ шықтық. 'Бұйырған кетпейді, Қуған жетпейді' Құлыншақтарымыз мәз. Климаты жақты. Жылы жақтан енді қайтқылары жоқ.
Мына заманда басымыздың амандығы, деніміздің саулығынан артық құндылық көріп тұрғаным жоқ. Індеттің беті қайтып, қыстан аман шықсақ, сүт сәбиімді ширатып алсам әрі қарай барлығы жақсы болады деп сенемін.
Денсаулықтарыңызды күтіңіздер,бұл сынақтан иммунитеті мықтылары ғана шығады екен.
Сабырлы болайық! Сақ болайық!
Алла баршаңызға жар болсын!" деген.
Мұны оқыған желі оқырмандары түрлі ойларын жазуда. Бір бөлігі әншінің таңдауын құрметтесе, екінші бір бөлігі "елден қаштыңыздар" деп айыптаған.