Қазақстандық әншілер қатысқан "Голос Украина" байқауының жеңімпазы анықталды (видео)

0
1 634

Танымал шоуда екі қазақстандық әнші бақ сынады.


Қазақстандық әншілер қатысқан

"Голос Країни" ("Голос Украина") теле-шоуының оныншы маусым жеңімпазы анықталды. Әнші Тина Кароль тобында өнер көрсеткен Роман Сасанчин жеңімпаз деп танылды.

Ән байқауының жеңімпазы атану үшін Тина Кароль, Потап пен Настя Каменский, Дан Балан және Монатик тобындағы қатысушылар бақ сынады.

Алдымен көрермендердің даусымен әр топтан бір орындаушы анықталды. Көп дауыс жинаған қатысушылар финалдың екінші кезеңіне өтті.

Монатик тобында Сергей Роман, Меллен Пасса, Юрий Самовилов, Сергей Асафатов және Лида Ли сынды әншілер өнер көрсетті. Олардың арасынан Сергей Асафатов қана көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сергей Асафатов


Содан кейін Дан Балан тобындағы қатысушалр сахнаға шықты. Әншінің тобында Назар Яцишин, Мария Кондратенко, Индира Еділбаева, Анастасия Балог және Дарья Петрожицкаялар бақ сынады. Екінші кезеңге Индира Еділбаева шықты.

Индира Еділбаева


Үшінші болып Потап пен Настя Каменский тобы өнер көрсетті. Көремендер Екатерина Степура, Максим Перепелица, Юлия Коровко, Ерлан Байбазаров, Виталий Окс және Анастасия Картвелишвилидің өнерін тамашалады. Отандасымыз Ерлан Байбазароптың жұлдызы жанып, екінші кезеңге өтті.

Ерлан Байбазаров



Келесі болып Тина Карольдің тобындағы жүйріктер сахнаға көтерілді. Бұл топта Анна Трубецкая, Даниэль Салем, Дарья Полоротова, Роман Сасанчин, Ольга Мельник сынды әншілер өер көрсетті. Олардың арасынан Роман Саснчин ғана екінші кезеңге өте мүмкіндігін иеленді.


Роман Сасанчин


Осылайша, финалдың екінші кезеңінде Сергей Асафатов, Индира Еділбаева, Ерлан Байбазаров пен Роман Сасанчиндер бақ сынасты. Олар алғаш жобаға келгенде орындаған әндерін орынлдады.

Көпшілік көрерменнің даусына ие болған Роман Сасанчин "Голос Украина" шоуының 10-шы маусым жеңімпазы деп танылды. Байқаудың жеңімпазына Киев қаласындағы екі бөлмелі пәтер кілті табысталады.