"Қазақтар жығылғанға жабыла кетеді": Меруерт Түсіпбаева Төреғали Төреәлі туралы ойын жеткізді

0
4 038

”Өнердің жолы ауыр жол”- деп текке айтылмаған шығар…" - дейді әнші.


Көпшілікке танымал Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі Төреғали Төреәліге қатысты өз ойын жазды. Әншінің айтуынша, "Әр қазақ жалғызым" болуы керек. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Меруерт Түсіпбаева: "Өнердің жолы ауыр жол”- деп текке айтылмаған шығар…. Ал, қазақтар неге көбінесе сүрінгенге, жығылғанға жабыла кетеді?! Қуанып табалай кетеді?! Бала өсіріп отырған әрбір жан , бір сәтке ойланайық…. Баланың кіндігі кесілген сәттен- ақ…. Оның маңдайына жазылған жеке тағдыры, өз мінезі болады….Әрбір есті ата- ана балам менен ассын , абыройлы болсын деп тілейді….. #әрқазақменіңжалғызым ! Сөгіп жатқандар айтарым сол!! Не судите и не судимы будете!! Өз отбасыңызға ие болсаңыз болды ғой….Сізді алда не күтіп тұр?! Ол- жұмбақ….p.s. Менің пікірім - өз пікірім…. Сіздің пікіріңіз - өз пікіріңіз…. Келісу шарт емес! #демократия #сүрінбейтінтұяқжоқ #аманболайық"

Әншінің бұл айын оқыған желі қолданушылар екіге бөлінді. Олардың бірі Меруерт Түсіпбаеваны қолдаса, екінші бөлігі керісінше қарсы шықты. Олар "Ешкім жығылғанға күлмейді! Ойланып барып жазыңдар жазатындарыңды. Төреғалидің бұл бірінші қателігі емес бұл уже бір неше қателігі үлкенді сыйлай білсін өзінше атақтылар жығылса ақылшы болып шыға келесіңдер. Неге осылай қарапайым халықты қорғамайсындар. Сендерге бәрі болады екен. Заң бәрлығына бірдей, тек әділдік болсын. Қол мен істегенді мойнымен көтерсін. Кешірім жоқ әр адам істеген әрекетіне тиісті жазасын алсын мейлі әнші болсын мейлі призидент болсын заң ортақ бәріне. Не шықсада сендерден шығып жатыр" деген өкпесін де жеткізгендер бар.

Естеріңізге сала кетейік, хитмен Төреғали Төреәлі біраз уақыт бұрын жол ережелерін бұзғаны және есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған еді.

Оның бұл әрекетіне байланысты әріптестері де екі түрлі пікір білдіріп жатыр.