"Қызым 6 айлық болып туылды": Төреғали Төреәлі қызы ем алатын орталыққа көмек сұрады

0
3 310

"Алланың қалауымен, тұңғышымды емдетіп жүріп, біраз шет елдерді араладық" - дейді әнші.


Белгілі әнші Төреғали Төреәлі өзінің тұңғышы туралы айтып, ол емделіп жатқан орталыққа көмек сұрады.

"Қызым алты, алты жарым айлығында дүниеге келді. Шалабай боп туылғасын, белгілі бір диогноздар қойылған. Содан кішкентай күнінен бастап ем алып келе жатырмыз" деген әнші қазір Қызылорда қаласындағы орталықта екендіктерін айтты.

Төреғали Төреәлі: "Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Қазақта “ Игі істің басына - жақсы келер қасына” - деген жақсы сөз бар.

Алланың қалауымен, тұңғышымды емдетіп жүріп, біраз шет елдерді араладық.

Бірақ Қызылорда қаласындағы, Сәкен ағамыздың орталығындай орталықты ешжерден көрмеген едік. Бұл орталықтағы барлық жаттығу жасайтын құрылғылар, Сәкен ағамыздың өзінің ойлап тапқан, қолынан шыққан құрылғылар!

Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі балаларды емдейтін “Қанат” атты әлемде аналогы жоқ ем орталығының дамуына және емге ақшасы жетпей, төлей алмай отырған ата-аналарға бірлесіп жәрдем берейік ағайын".

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, оның табандылығына риза болуда. Көпшілігі үлес қосатындықтарын айтып, өзгелерді де игі іске шақырған. Десе де арасында әншінің қаржысын есептеп, оны сынға алғандар да табылады.