​«Маһрға Құран сұрағанда қуанып кеткем»: Айдар Тұрғамбек әйелі жайлы айтып берді

0
3 294

«Әйелімнің сұлулығына өзім таңғалам»


​«Маһрға Құран сұрағанда қуанып кеткем»: Айдар Тұрғамбек әйелі жайлы айтып берді


«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек «Қызықты уикенд» бағдарламасына сұхбат беріп, алғаш рет әйелі жайлы айтып берді. Әнші әйелін көпшілікке көрсетпеуінің себебін түсіндірді.


«Әйелім өте сұлу, көз тиеді. Көргенде өзім таңғалам. Көп адамға айтсам сенбейді, ол кісі көпшілікті ұнатпайды, тіпті тойға да бармайды. Кеше, мысалы, Шымкентте өзінің туысы той жасады, әрең ертіп апардым. Жақтырмағаннан емес ол, табиғаты сондай. Суретке, видеоға түскенді ұнатпайды, балаларды да түсіртпейді. Бірақ үйде балаларға қарап, менің жағдайымды жасап, ең басты шаруаларды атқарып отыр. Өте білімді, универсиетті қызылға бітірген, тағы да оқып жатыр. Кітапті көп оқиды, бірақ адамдармен килігіп, араласып кетпейді» деді әнші.


Журналистің «Үйіңізге қонақ келе ме?» деген сұрағына Айдар Тұрғамбек «Келеді, бірақ келгенде де ер адамдар бөлек, әйелдер бөлек отырады» деп жауап берді.


Әнші бүгінде төрт қыз тәрбиелеп отыр. Алғашқы некесінен 12 жасар қызы бар. Кейінгілері 6, 3 және бір жаста. Жалпы, Айдардың үйленуінің өзі қызық болған екен. Ол келіншегін бір топ әншілермен бірге, ұшақпен алып қашыпты.


«Келіншегімді алуыма Назира деген қарындасым себепкер болды. Мен сол кездері өзіміздің өңірден қыз іздеп жүргем, бізге, менталитетімізге сай келетін Сарыағаш, Жетісай жақтың қыздарын көрсем деп ойлайтынмын. Әлгі қарындасым «менің бір группаласым бар, Жетісайдың қызы» деп суретін жіберді. Сұлулығына бірден ғашық болдым. Дереу билет алып, Астанаға ұштым ғой. Екеуміз үш рет кездестік, алғашқы кездескенде жарты сағат сөйлестік. Арамызда сыр қалмайтындай бәрін айтып бердім. Талаптарымды қойдым. Үшінші кездесуде «бүгін сені алып қашам» деп айттым. Алматыдан тойға чартерлік рейспен бір ұшақ әншілер барған ғой. Сол ұшақпен Әйгерімді алып қаштым. Әншілер аң-таң, «бұл кім» деп сұрайды. Сыр білдірмедім, ешкімге айтпадым» деді Айдар Тұрғамбек.


Әншінің әйелі неке қидырғанда маһрге Құран кітап сұрапты.

«Әйгерім ол кезде кішкентай қыз ғой, менде енді «опыт» бар. Телефонмен сөйлескен сайын «Пәленшенің әйелі молодец, маһрге Құран сұрапты, Түгеншенің әйелі де жақсы екен, арзан нәрсе айтыпты» деп айта бердім. Содан біз неке қидырып жатқанда Әйгерім «Құран кітап сұраймын» деп айтты, мен қуанып кеттім. Қазір енді «Арамысыз ғой, қазір қайта некемізді қидырсақ мен сізден машина сұрайтын едім» деп күліп отырады. Сол арманын орындап, бір көлік сыйлағым келіп жүр» деді Айдар әнші.