​«Мәселелерімді Мейрамбек Беспаев шешеді»: Мөлдір Әуелбекова кімге арқа сүйейтінін жайып салды

0
18 302

«Жиырма жылда өзіме дүние жинамаппын»


​«Мәселелерімді Мейрамбек Беспаев шешеді»: Мөлдір Әуелбекова кімге арқа сүйейтінін жайып салды

Әнші Мөлдір Әуелбекова «Ұйқым келмейді» бағдарламасында Мейрамбек Беспаевпен қарым-қатынасы жайлы айтты.


Жүргізушілердің «Осы жылы өміріңіздегі бес адамға алғыс айту керек болса, кімге айтар едіңіз?» деген сұрағына, әнші «Ата-анама, ұлым мен қызыма және Мейрамбек ағама» деп жауап берді.


«Мейрамбек ағаны өзімнің ең жақын адамдарымның қатарына қосуымның астарында үлкен мән жатыр. Ол кісі менің туған ағам десем де болады. Өмірімде де, өнерімде де өзінің рөлі бар. Осы уаққа дейін өте үлкен екі проблемаға тап болғам. Оның біреуі биыл болды. Жүйкем тозып, тығырыққа тірелердей жағдай еді. Сол жағдайда ағама хабарластым. Өте қысқа мерзімде бәрін шешіп тастады.


Алдағы 20 жылдық есеп беру концертімді де Мейрамбек ағамен ақылдасып істеймін. Ол шет-жағасын естіді, «қолымыз босағанда отырып ақылдасайық» деп айтқан. Концертте екеуміз дуэт боп өнер көрсететін шығармыз» деді Мөлдір Әуелбекова.


Әнші сондай-ақ ұлының туған күніне пәтер тарту еткенін айтты.


«Өнерде жүргеніме 20 жылдай бопты, не бітірдім деп артыма қарасам, осы уаққа дейін өзіме дүние жинамаппын. Ата-анам, бауырларым үшін алатын дүниенің бәрін әперіппін де, өзімде ештеңе жоқ екен. Соны менің балам сезіп қойыпты.


Мен енді ата-анамның көзі тірісінде қасынан ұзағым келмей, қара шаңырақта жалғыз інім мен келінімнің жанында тұрдым ғой. Олардың төрт баласы бар. Бауырыңмен бір шаңыраққ сиюға болады, бірақ олардың балалары бірге тұра алмайды екен. Балалар өзара әңгімелескенде «мынау біздің үйіміз» деп айтса керек, Салтай балам «біздің үйіміз жоқ па, біз неге бұлардың үйінде тұрып жүрміз, менің жеке бөлмем жоқ» деп бір жылдан бері сұрай берді. Содан 60 миллионға пәтер алып, баламның туған күніне тарту еттім» деді әнші.