Меруерт Түсіпбаева Америкаға кетпек

0
11 678

Меруерт Түсіпбаева Америкаға кететінін желіде жариялады.


Меруерт Түсіпбаева Америкаға кетпек

Ол өзінің инстаграм парақшасында Америкаға кететін хабарлады. Желідегі видеосынан байқағанымыз, 10 жылға виза алған әнші қуанышын жасыра алмаған. «Күт бізді, Америка» деген Түсіпбаева ханым жақын арада баласымен бірге мұхиттың арғы жағына жол тартуы мүмкін.

Мұны естіген тыңдармандары әншіге ақ жол тілеп, тілектес екендіктерін білдірген. Одан бөлек әнші оқырманның «Саяхаттап барасыз ба, әлде сол елде тұрасыз ба?» деген сауалына «Көреміз...» деп жауап берген. Бұл жауапты оқығандар «Түсіпбаева Америкада қалуы мүмкін» деп жорамалдап отыр.


Фото: mira_tusupbaeva

ERNUR.KZ