​ "Miss Kazakhstan – 2022" байқауының жеңімпазы ауылдағы келіндік өмірін көрсетті

0
201

Ұлттық байқаудың финалисі астанадан ауылға қоныс аударған.


​

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Miss Kazakhstan – 2022" байқауының жеңімпазы Томирис Какимова ауылға келін болып түскенін көрсетті, деп жазады stan.kz.

Ұлттық байқаудың финалисі астанадан ауылға қоныс аударған. 2024 жылдың қазан айында бойжеткен келін атанған еді.

“Күйеуіммен танысқанда “Атым – Абиль” деді, негізі – Әбіл екен. Мен оны қаланың жігіті, бизнесмен деп ойладым. Таңертең смузидің орнына қымыз ішіп жүрмін. Убердің орнына әкесінің тракторы. Мен Нью-Йоркте тұруды армандасам да, батыс өңіріндегі осы ауыл ұнайды. Өзімді шын бақытты сезінемін. Мен Қазақстан аруымын, подиумға үйреніп қалдым. Ал қазір бауырсақ пісіріп жүрген келінмін ”, – деп жазды сұлулық байқауының жеңімпазы.

Еске салайық, Томирис Кәкімова Димаш Құдайбергеннің қолы қойылған домбыраны қайырымдылық аукционына шығарғанын жазған едік.

“Мен “Әлем аруы” байқауы аясында ұйымдастырылатын аукционға жай ғана музыкалық аспап емес, өзіндік тарихы бар, еліміздің мәдениетінен сыр шертетін домбыраны сыйламақпын. Домбыраға Димаш Құдайберген қолтаңбасын қойған. Қазақ мәдениетінің символына айналған ұлттық аспапты ұсынғанымды мақтан етемін. Оның мағынасы өте терең. Өйткені 2018 жылы дәл сол алаңда Димаш Құдайберген өнер көрсеткен еді”, – деп жазған еді Қазақстан аруы.