Мұрат Бисембиннің қызы маңызды мәлімдеме жасады

0
70

Ақпарат 2025 жылғы 25 желтоқсанда Instagram желісінде жарияланған.


Мұрат Бисембиннің қызы маңызды мәлімдеме жасады

Сурет: Instagram/jemappelledali

ERNUR.KZ. Танымал қазақстандық актер Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова әкесінің жағдайына алаңдап жүрген жандарға үндеу жасады, деп жазады zakon.kz.

Ақпарат 2025 жылғы 25 желтоқсанда Instagram желісінде жарияланған.

"Достар, менің атым – Болатова Диана. Кейбіреулер мені Дали деп те таниды. Жаңалық пабликтері айтып жүрген Сафия деген адамның кім екенін мүлде білмеймін. Менің тек екі туған ағам бар, олардың ешқайсысының аты Сафия емес. Мен – отбасындағы жалғыз қызбын. Қазіргі уақытта әкем әлі де дәрігерлердің бақылауында ауруханада жатыр, жанында анам – оның жұбайы бар. Тағы да барлық жылы лебіздеріңіз бен шынайы қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздердің сенімдеріңіз бізге үлкен күш береді. Әрбір ақпарат көзіне сене бермеңіздер, әкеме қатысты жалған мәліметтер таратылып жатыр. Өтінемін, мұқият болыңыздар. Сондай-ақ еске саламын: емге арналған жалғыз ресми реквизиттер @issembayevsayat парақшасында ғана жарияланған. Әкемнің жағдайы туралы нақты ақпаратты мүмкіндігінше өз парақшамда бөлісіп отырамын", – деп жазды Диана.

Еске сала кетейік, "Рэкетир" фильміндегі Руслан рөлімен танылған Мұрат Бисембинге 2024 жылдың күзінде қатерлі ісік диагнозы қойылғаны белгілі болған еді. Денсаулығына байланысты ол кейбір жобалардан бас тартып, бірқатар түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.