"Көпшілігіңіз оны әнші ретінде ғана танисыздар"
Ғаділбек Жанай танымал әнші Тамара Асарды "Менің анам" деді. Өйткені оған өз анасының аманаты себеп болған екен. Бұл туралы әнші парақшасында жариялады.
"НЕГЕ АНАМ ДЕДІМ? «Асыл анашым Хадиша (Алла қамқорына алғай)
көзі тірісінде мені Тамара апама аманаттаған еді. Қанаты қатпаған бозбаланы «Осы балаға көзіңнің қарашығындай қарарсың, қанатыңның астына алып, қамқор бол!» деп қатты тапсырды. ⠀
Сол күннен бастап Тамара апа маған анамдай қамқор болып, үнемі қолдау білдіріп келеді. Менің өмірдегі, өнердегі жол көрсетушім, анамның орнындағы Ана. Сол анамдай болған Тамара апама компаниямның алғашқы бұйымын сыйға тарттым. Кез келген бала қуанышын алдымен анасымен бөліседі ғой. Көзі тірі болғанда ойланбастан сыйлығымды алдымен анама тарту етер едім. Ал ол болса менің жетістігіме балаша қуанар еді...».⠀
Құрметтілерім, аналарыңыз жаныңызда болса, жиі қуантыңыздар! Онымен өткен әр сәтті бағаласаңыздар екен. Көңіліне қаяу түсірмей, жиі сыйлық жасап тұрыңыздар" деген жазба қалдырған әнші оқырмандарын ананың қадірін білуге шақырады.
Мұны оқыған оқырмандарының көзіне жас үйіріліп, "Видеоны тыңдамай жатып,көзіме жас тығылды. Анаңнын жатқан жері жұмақ болсын. "Орнында бар оңалар" деген, Аллам өзіңе ұзақ ғұмыр берсін" деген ізгі ниеттерін жолдаған.