​«Осы күнді асыға күттік»: Фариза Төреәлі сәбиінің жынысын жария етті

0
4 381

«Әуежайдан гендер-патиге тіке тарттық»


​«Осы күнді асыға күттік»: Фариза Төреәлі сәбиінің жынысын жария етті

Таяуда ғана тұңғышын босанған блогер Фариза Төреәлі бөпесін қырқынан шығарып, сәбиінің жынысын жария етті.


Төреғали Төреәлінің қарындасы гендер-патиге ең жақын деген туыстарын шақырып, өзара атап өткен екен. Жарияланған видеодан гендер-пати шарасының жаз мезгілінде өткенін байқауға болады. Арнайы жасалған шкафты ашып, оның ішінен қызғылт түстес шарлар шыққанда ерлі-зайыптылар қыз бала болатынын білген.


«Жүрек дүрсілдеп, толқып жүрген сәттерден естелік. Дархан Моңғолиядан әлем чемпионатынан жүлделі болып келген күн, жарымды күтіп алдым ары қарай әуежайдан түсе сала жақындарымыз жиналған жерге бардық. Өзім осы күнді асыға күттім. «Кім болса да Алла өмірін берсін, саналы да хайырлы ұрпақтан етсін» дейсің ғой. Бірақ бәрібір тұңғышың болған соң жынысы да бәрі қызық, бұрын соңды болмаған өзгеше сезім, толқу болады екен» деп жазды әншінің қарындасы.


Айта кетейік, Төрештің қарындасы бұл перзентін төрт жыл күтті. Сол себепті босанып, кіші қырқынан шыққанша балалы болғанын ешкімге білдірмеді. Ал жаңалықты жария еткенде әлеуметтік желі қолданушылары «Сіңлісі жүкті еді, соның баласын асырап алған сияқты», «Фаризаның жүкті кезін көрген жоқпыз» деп әртүрлі пікір жазды.