​«Өздерің не бердіңдер?!»: Дариға Бадықова өзін су тасқынына көмек бермеді деп айыптағандарға ашуланды

0
1 324

«Біреуге бірдеңе айтпас бұрын өзіңе қарап ал!»


​«Өздерің не бердіңдер?!»: Дариға Бадықова өзін су тасқынына көмек бермеді деп айыптағандарға ашуланды

Көпшілікке «Келінжандағы» Айсара боп танылған актриса, продюсер Дариға Бадықова өзінең «су тасқынына қандай көмек көрсеттің» деп сұраған желі қолданушыларына жауап берді.


«Қайтейін, айтпасқа болмады-ау. «Сен көмек бердің бе?» деген сөздерге жауап!!! Жалпы, көмек бергенді, қайырылымдылық жасағанды, айтпайтын еді. Сіздер қоймай айтқызып жатырсыздар! Бердім! Апат болсын, басқа да жағдай болсын, пейілдің тарылғанынан, қара ниет болудан! Сол, аңдып «мынау аз-ақ беріпті, мынау бермепті» деп отырғандар, өздеріңіз бердіңіздер ме? «Бізде жоқ қой» деп тағы жоқтап шығасыздар! Садақаның құны жоқ қой, қанша берсең де қолыңнан келгенді бересің. Сол айтып отырғандар өз туғандарына көмек беріп отыр ма екен?! Бір үйде бір бауырын көк есек қылып мініп алып өмір сүріп жатқанын міндет қылып отыр ма екен?! Біреуге бірдеңе айтпас бұрын өзіңізге қарасаңыз өзіңізден-өзіңіз шошып кетесіз!», – деп ашуланды актриса.


Сондай-ақ, өнер иесі қиын кезеңде өнер адамдарын кінәлап, ақша жинауға мәжбүрлейтін халықты да кінәлады.


«Қарапайым халық деп бөліне қаламыз. Біздің айырмашылығымыз – мамандығымызда. Сіз де өз мамандығыңыздан нәпақа тауып, күнде жұмысқа барып жүрсіз! Біздікі де сол. Қарызға үлкен сомма алып, оны екі есе қылып қайтарып, кино түсіріп, мемлекетке қомақты салығымызды төлейміз.


Салық – халықтың ақшасы. Сол ақшаны бердік, анығында қайтардық. Өнер – Құдайдан келген сый. Өнер адамдарының жиналып салған ақшаларын желіге жерден жеті қоян тапқандай жарысып салып әлексіздер. Жинамаса жинамады деп қарғайсыздар, жинаса жинағандарын күлкі етіп тағы сөгесіздер! Ұят болады. Одан да ниетімізді түзейік! Бәрін Үкіметтен көріп отыра бермейік! Елдің көтерілуіне атсалысайық! Пейіл мен мәдениетіміз дұрысталса әлі көрер қызығымыз алда. Көтеретін де – халық! Қарғайтын да – халық! Жер қылатын да – халық!», – деп жазды Дариға Бадықова.


Айта кетейік, Қазақстандық өнер адамдары бірігіп, су тасқынынан зардап шеккендерге 25 миллион теңгедей қаражат жинады. Оны бүгін Өктем Алтаев, Гүлзира Айдарбекова, Роза Әлқожа бастаған өнер иелері Батыс Қазақстанға апарып, мұқтаж адамдарға табыстайтын болды.


Сондай-ақ, өз қаражаты есебінен Димаш Құдайберген 15 миллион теңге, Абай Бегей 1 миллион, Айнұр Тұрсынбаева 5 миллион, Тұрсынбек Қабатов пен Мадира Сәдуақасова 1 миллион теңгеден аударғанын мәлімдеген еді.