Әнші алдағы уақытта бұл іспен танымал адвокат Абзал Құспан айналысатынын айтты.
Меруерт Түсіпбаева өзінің жақын күндері Әлібиге барып келгенін айтып, оның жағдайы туралы оқырмандарына айтып берді. Сонымен қатар әнші Әлібидің ісін енді адвокат Абзал Құспан қолға алатынын айтып, көпшілікті қуантып қойды.
Меруерт Түсіпбаева: "Адвокат Абзал Құспанмен, мен, Сайрагүл Сауытпайдың сотында танысқанмын.... Қазақтың батыр қызы, Қытайдан қашып, шекарадан заңсыз өтіп,отбасымен қосылғысы келгені естеріңізде болар... Сонда, Абзалдың ұлтжанды, білімді, сауатты екеніне көзім жеткен... Алибидің ісі құрдымға кетіп бара жатқанын сезіп, маған хабарласып, тегін қорғаймын дегенде, Майра Ильясова апайымыз, басқа адвокаттарды жалдап қойдық деп, келіспеген...
Мен, сіздерге жазғандай, азық- түлік алып, жақында Әлібиге бардым... Ақтауда отыр...10 жылға бас бостандығынан айрылды.... Сонда, зорланған - қорланған кәне, кім бар? Қолдарыңды көтеріңдерші!!! (Весь абсурд в этом!!! ) Әлибимен шынының артында отырып , бір сағаттай сөйлестік... Салмақты, сабырлы, есейген... Бір Аллаға тапсырып отыр... Қайтеді енді?! Құдай басқа салмасын!!! Мені көріп, бір серпіліп қалды... Анам тірі болса - алып шығар еді дегенде, өзімді әрең ұстап отырған едім....тамағыма ащы өксік тығылды.... Барынша, жебедім... Бұл сынақ!!! Шыда!! Шығасың деп!!! Төзімді , мықты екені сезіліп тұр!!! Бүгін, фейсбукте, Абзал Құспан маған осылай жазыпты.... Ырымшыл қазақпыз!! Жақсылыққа балап отырмын!!!"
Мұны естіген желі оқырмандары шүкірлік етіп, жазықсыз өнерпаздың тезірек ақталып шығуын тілеуде.
"Сол жала жапқан кішкентай баланы асырап, тәрбиелеп отыр ғой ата-анасы, алдынан не күтіп тұрғанын біле ме екен? Осылай жас баланың өміріне балта шауып, қалай ғана тыныш ұйықтап жүр екен" деген оқырмандар Абзал Құспанның ол баланы ақтап алатынына сенімді.