Танымал айтыскердің Мақпал Жүнісоваға арнауы желіні жарды (видео)

0
7 584

Сара Тоқтамысова: "Мақпал апам жайнаған, жарқыраған. Сыртынан қызығып жүр неше көкем?!"


Танымал айтыскердің Мақпал Жүнісоваға арнауы желіні жарды (видео)

Танымал айтыскер Сара Тоқтамысова Мақпал Жүнісовамен ән айтқан Кенжебектің кешінде өлең арнап, көпшіліктің көңілін марқайтты.

17 желтоқсан күні "Музарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтың шығармашылық кеші өткені белгілі. Әншінің достары бас қосқан жиынға келген Сара Тоқтамысова өлеңнен шашу шашып, халықтың ерке қызы Мақпал Жүнісовамен ән айтқан Кенжебектің мерейінің үстем екенін жырмен жеткізді.

Сара Тоқтамысова: "Ғұмырында баянды кешеді екен,

Мақпал апам жайнаған, жарқыраған

Сыртынан қызығып жүр неше көкем?!

Сондай Мақпал апаммен бір ән айтқан,

Кенжебектің мерейі өседі екен!

Мақпалдай апаммен ән шырқаған,

Кенжебек, сенің бағың бес елі екен..."



Бұл бейне жазбаны Кенжебек Жанәбілов өзінің желідегі парақшасында бөлісіп, қолдап келген әріптестеріне алғысын білдірді.

Ал видео жазбаны көрген көпшілік Сараның тілегіне қосылып, Кенжебекке жақсы ниеттерін білдірді. Сондай-ақ, олар халықтың сүйіктісі Мақпал Жүнісованың шынайылығына риза болып, амандық тіледі.


Тағы оқыңыз:

Ресейдің танымал актрисасы Шымкенттен кетпейтінін айтты (видео)

"Бұл күнге де жеттік пе?": Қытайда қазақша сөйлеген Димашқа ел риза болды (видео)


Фото-видео желіден алынды.

ERNUR.KZ