​«Тойымыздың сүйегін мүжи бер»: Өктем Алтаев итінің 1 жасқа толғанын атап өтті

0
812

«Ит құрлы қадіріміз жоқ екен»


​«Тойымыздың сүйегін мүжи бер»: Өктем Алтаев итінің 1 жасқа толғанын атап өтті

90-шы жылдардың хит әншісі болған Өктем Алтаев иті Роккидің 1 жасқа толғанын ерекше атап өтті. Өнер иесі итіне арнайы қалпақ кигізіп, шам жағып торт ұсынды.


«Ит егесінің балалары көп болса, солардың қолдарынан нан жей берсем деп тілейді екен. Біз Роккиге 20 жыл өмір тілейміз. Балаларымның үйлену, ұзату, құдалық тойларының сүйегін мүжіп, немерелеріммен ойнай беруді саған Аллам нәсіп ете берсін», - деп итіне тілек білдірді Өктем Алтаев.


Өнер иесінің постына желі қолданушылары әртүрлі пікір жазды.


«Үйіңізге екінші Рокки керек емес пе?», «Туған күні құтты болсын, дәу жігіт болып өсе берсін», «Рокки иесіне ұқсаған ақылды музыкант болсын», «Мына иттің арманы жоқ шығар», «Рокки құрлы қадіріміз жоқ екен, бізді бұлай ешкім құттықтамайды», «Рокки Қазақстандағы ең бақытты ит болды» деді көпшілік.