"Жәй отырмай, бөпелі болғанымыз қандай жақсы болған": Қарақат Әбілдина оқырмандарын күлкіге қарық қылды

0
3 621

Бұл туралы әнші парақшасына жазды.


Карантин біраз адамға, оның ішінде әсіресе әншілерге тұсау салғаны белгілі. Өйткені, той мен концерт, түсірілімдер тоқтады. Сол кездерін есіне алып, қазіргі тұрмысы туралы жазған Қарақат Әбілдина оқырмандарына күлкі сыйлады. ⠀

"Ееее, бұл да бір дәурен екен-ау...⠀
Чемоданымызды сүйретіп, ұшақтан ұшаққа,әуежайдан қонақ үйге,бір тойдан шығып, екінші тойға, арасында киім ауыстырып жіберіп, сұхбат беріп,концертке шығып... ⠀
Қазір ойлап отырсам, не деген жанталасқан өмір болған ⠀
Сол қарбаластың арасында фотоға түсіп,оны инстаграмға ‘зу’ еткізіп,әйтеуір, барлығына үлгеріппіз...⠀
Қазір ондай темп қайдааа...⠀
Үйде отырып, көп шаруаға үлгермейсің. Таң атса, кеш батады. Қазір жинағаның, қазір шашылып, үйдің тірлігі бітетін емес.⠀
Көбі ер балалар, оларға тряпка ұстатып,кесе жуғызып, таза қыздың тірлігіне салғың келмейді. Өздерінің артын жинап, үй тірлігіне көмектесуі көмектеседі, бірақ, ұл бала болған соң, қазан ошаққа араласпай өссе дейсің. Үйде еркек жасайтын жұмыс та жетіп артылады. Әркім өз ісін біліп,өз міндетін атқарғаны дұрыс шығар .Әсіресе онсыз да оңай емес осы кезде отбасы мүшелері бірін-бірі қолдап,артық шаруамен өздерін шаршатпаса дейсің ғой.⠀
‘Осы отырған отырыс бір ғанибет емес пе?!’- деп,отырғанымызға сегіз айдан асқан екен). Ақыры отырмыз жәй отырмай, бөпелі болғанымыз қандай жақсы болған деп қоям. Шүкір,енді ‘қырқына шыдадық қой,қырық біріне де шыдайық’. Алла жарылқап,мына індеттен аман шықсақ, Жақсы күнге тезірек жетсек деген тілектеміз бәріміз.⠀
Аман болайықшы, бір жөні болар..."⠀
Осылай деген әншінің жазбасына оқырмандары шынында үйдің жұмысы бітпейтінін айтып, "бала босанып басыңыз істеді" деген пікірлер жазып жатыр.