«Жеке кәсіп ашпағаныма өкіндім» : Асан Пердешов неліктен көрінбей кеткенін айтты

0
1 264

«Карантин көп нәрсені үйретті».


«Жеке кәсіп ашпағаныма өкіндім» : Асан Пердешов неліктен көрінбей кеткенін айтты

Эстрада әншісі Асан Пердешов қайда, не істеп жүр? Дәл осы сауалды «Таңғы хабар» бағдарламасының жүргізушілері өнер иесіне қойған болатын. Біраз уақыттан бері БАҚ бетінен көрінбей кеткен талай хит әндердің авторы әрі орындаушысы Алматы мен Жетісайдың ортасын жол қылып жүргенін айтты. Көп уақытын өнер ордасы ару Алматыда өткізетінге ұқсайды.


– Карантинде Жетісайда болдым. Шығармашылықта аса өзгеріс бола қоймады. «Дәрігерге алғыс», «Қос жүрек вальсі» әндері жарық көрді. Карантин көп нәрсені үйретті. Тойханалар жабылып, табыс көзі тоқтағанда кезінде жеке бизнес ашпағаныма өкіндім. Бірақ, әлі кәсіп ашудың реті келіңкіремей жүр, - деді әнші.


Сонымен бірге әншінің сұхбатынан үйінің кенжесі екені, туыстардың той-жиынына көбіне гастрольдік сапарда жүріп бара алмай қалатыны белгілі болды. Студияда «Қара қызым» әнін жанды дауыста орындап, көрерменге кереметтей ностальгия сыйлады.


Ал Асан Пердешовпен болған сұхбатты көрген көрермендер әлеуметтік желіге әншіге деген сағынышын жеткізуде.


«Мен үшін оның орындауындағы қай ән болмасын ХИТ», «Асан Пердешов мықты әнші ғой, шіркін, даусына әңгіме жоқ қой», «Қара қызым» әнін сағынып қалыппын, керемет әнші» деген сияқты пікірлерін қалдыруда.