"Жүрек жылады": Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов туған күнін ерекше атап өткен (видео)

0
2 338

Әнші: "Дүбірлетіп туған күнді атап өтсек те болар еді..."


"Жігіттер" квартетінің әншісі, халықтың сүйіктісі Бағлан Әбдірайымов туған күнін ерекше атап өтті. Ол өзінің жеке мерекесін балалар үйінде өткізуді жөн көрген. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.



"Иә, АЛЛА! Бүгінгі күніме шүкір еттім! Дүбірлетіп туған күнді атап өтсек те болар еді... Біз басқаша жасадық. Қуанышты күнді балалармен өткізгім келді. Жүрек жылады, көңіл толды, рух рахаттанды! Мейірім мен жылу аңсаған жандармен бірге болдық. Басынан сипап, бауырына басып, мейірімге бөлеп, сый-сияпат жасаған, әуезді әнімен көңілді көтерген аға-бауырларға мың алғыс!" деп жазды Бағлан Әбдірайымов.


Мұны көрген желі оқырмандары да ерекше қабылдап, әншінің қарапайымдылығын бағалап жатыр. Олар да әншіні жаңа жасымен құттықтап, "Халқың осындайыңмен жақсы көреді ғой, менде