Құрметті атақты Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды ақынның 75 жылдық мерейтойына арналған концертте салтанатты түрде табыстады.
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
ERNUR.KZ. Айтыс өнерінің жанашыры, көрнекті қаламгер, ақын және қоғам қайраткері Жүрсін Ерманға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен “Қазақстанның Халық жазушысы” атағы берілді, деп жазады stan.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, марапат ақынға ұлттық әдебиет пен айтыс өнерін дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін табысталды.
Құрметті атақты Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды ақынның 75 жылдық мерейтойына арналған концертте салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ қала әкімі Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді.
Айта кетейік, Жүрсін Ерман “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығын екі мәрте иеленген.


